Жаңалықтар

Жаңалықтар


28.02.2014 Студенттер оқушылармен кездесті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттерімен бірге кәсіптік бағдарлама іс-шарасы аясында Алматы қаласындағы №1 қалалық көпсалалы колледжінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Оқытушылар колледж оқушыларына университеттің тарихы туралы, ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойын атап өту жоспары туралы әңгімелеп берді.


28.02.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Вакаяма Университеті (Жапония) UNIFORM бағдарламасы аясында келісімге қол қойды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Вакаяма Университетінің профессоры, University International Formation Mission (UNIFORM) Халықаралық консорциумы жобасының жетекшісі Хироаки Акияма және Болашақтың ғарыштық жүйелер технологиясын зерттеу қауымдастығының бизнес жоспарлау департаментінің кеңесшісі Эрико Ямамотомен кездесті.


28.02.2014 «Алтын сапа» пікірсайыс клубының ішкі турнирі өтті

«Алтын Сапа» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Алтын сапа» пікірсайыс клубының ішкі турнир сәтті аяқталды. Жаңа ғасырдың жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, білімді жастарының өзекті тақырыптар аясындағы пікірлері тыңдалып, интеллектуалды доданың нәтижесі белгілі болды.


27.02.2014 Хабарландыру!

2014 жылдың 28 ақпанында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы студенттік заң клиникасымен біріге отырып, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы заңи клиникалық білім» тақырыбында оқу-методикалық семинар өткізеді.


27.02.2014 ҚазҰУ-да «Үздік лингвист – 2014» байқауы өтеді

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы «Жас лингвистер» клубы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай дәстүрлі «Үздік лингвист – 2014» байқауының І Университетаралық деңгейдегі студенттер зияткерлік сайысын ұйымдастыратындығы жайында хабарлайды.


27.02.2014 Халықов оқулары аясында сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық бағыттарына арналға конференция өтеді

28 ақпан 2014 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде (сағат 10.00, 410 дәрісхана) «Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық бағыттары: отандық және халықаралық тәжірибе» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (жыл сайынғы Халықов оқулары) өтеді.


25.02.2014 «Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық қауіпсіздік академиясының академигі, философия докторы Қ.Т. Қасымовтің қатысуымен «Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми семинар өтті.


25.02.2014 ҚазҰУ-да қалалық оқырмандар конференциясы өтті

ҚазҰУ-дың ғылыми кітапхананың мәжіліс залында «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы университеттің ғылыми кітапханасының көпшілікпен жұмыс жүргізу секторымен бірлесіп ұйымдастырған көрнекті жазушы Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесі бойынша қалалық оқырмандар конференциясы өтті.


25.02.2014 Қытайтану кафедрасында жас ғалымдардың семинары өтті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында жас ғалымдар кеңесінің кезекті ғылыми семинары өтті. Семинарда Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ҚХР модернизациясы парадигмасы талқыланды.


24.02.2014 №18 жатақханада көктемнің алғашқы бәйшешек гүлі қауыз жарды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №18 жатақханада көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек (наурызгүл) гүлі қауыз жарды. Бәйшешек- құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнектіөсімдіктер. Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі.