Жаңалықтар

Жаңалықтар


05.03.2014 «Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастырумен« Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарға белгілі қытайтанушы, т.ғ.д., проф. Хафизова Клара Шайсұлтанқызы қатысып баяндама жасады. Семинарға шығыстану факультеті деканының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к, доцент Алжанбаева Ұ.Т., Қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Батпенова З.С., қытайтану кафедрасының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары Кенжебаева А.Ә., қытайтану кафедрасы меңгерушісінің ОӘТ жөніндегі орынбасары Омарова М.А. және қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттары қатысты.


05.03.2014 Ұлыны ұлықтаған ұлағатты кеш

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайындағы Жастардың «Руханият» орталығында «Абайтану әлемі» атты танымдық-шығармашылық кеш өтті. Кештің мақсаты: әр қазақ баласының бойына Абай шығармаларының құндылығын дәріптеу.


05.03.2014 «ҚазҰУ-дың жеңіске жету жолы» тақырыбында факультет түлектерімен кездесу өтеді

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің, қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен (411 аудиторияда сағат 13.00-16.00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойы қарсаңында «ҚазҰУ-дың жеңіске жету жолы» тақырыбында факультет түлектерімен кездесу өтеді.


05.03.2014 «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтті

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің 120 жылдық мерейтойына арналған «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтті.


04.03.2014 «Евразиялық алуандылық және тұрақты даму жолындағы университеттер рөлі»VII Астана экономикалық форумы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойы аясында Азия университеттерінің III форумы

2014 ж. мамыр айының 21-23 аралығында Алматы және Астана қалаларында еуразиялық аймақтың алдыңғы қатарлы университеттерінің басын қосатын «Евразиялық алуандылық және тұрақты даму жолындағы университеттер ролі» III Азия университеттерінің форумы өтеді.


04.03.2014 Журналистика факультетінде Сағат Батырханның онлайн-дәрісі өтеді

5 наурыз (сағат 15.00-де) журналистика факультетінің 230 аудиториясында халықаралық журналист, Қарағанды облыстық телевизиясының Бас редакторы Сағат Батырхан «Ақпарат таратудың бүгінгі мәселелері» деген тақырыпта онлайн-лекция өткізеді.


03.03.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ ғаламдық хабы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы бойынша ғаламдық хабының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі – А. Арыстанбекова, ҚР-дағы БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттандыру Департаментінің өкілі В.Самек, Алматыдағы ҚР шетелдердің дипөкілдерінің басшылары арнайы қонақ ретінде қатысты. Бұл салтанатты тұсаукесерд рәсімін ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов ашты. Оған университет ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара еліміздің тарихындағы ең елеулі күндердің бірі – Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүшелікке қабылданған күніне 22 жыл толуына орайластырылды.


03.03.2014 Дағыстан Республикасының құрметті ғылым қызметкері, профессор Магомедсаид Исмаиловтың қатысуымен семинар өтеді

4 наурыз 2014 жылы (сағ. 11.00) өтетін «Кавказ халықтары мен дәстүрлі қазақ қоғамындағы барымтаның орны мен рөлі» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді. Семинардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.


28.02.2014 ҚазҰУ-да университет жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы өтеді

2014 жылдың 4 наурыз күні сағ.15.00-де (230-ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы болады.


28.02.2014 Магистранттар экономика мәселелерін талқылады

«Экономика» кафедрасында «Қазақстандағы девальвация ерекшеліктері: себептері мен салдары» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.