Жаңалықтар

Жаңалықтар


12.02.2014 «Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты форум қатысушылары Қазақстан жастарының үндеуі қабылданды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында «Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты жастар форумы болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласы әкімшілігі.


12.02.2014 «Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпта профессор Ермек Бурибаевтың көшбасшылық дәрісі өтеді

Бүгін сағат 13:25-те «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру шаралары барысында (ГУК 3, 3 залда) заң факультетінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары үшін «Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпта з.ғ.д., профессор Ермек Әбілтайұлы Бурибаевтың көшбасшылық дәрісі өтеді.


11.02.2014 М. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы 2014 жылдың 28 ақпанында сағ.10.00-де М. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.


10.02.2014 Ақиық ақынға арналған кеш өтті

7 ақпан күні Журналистика факультетінде ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлап келдім өмірге...» атты әдеби-драмалық кеш өтті.


10.02.2014 Ағылшын тілі курсы жүргізілуде

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Біліктілікті арттыру институтының Лингвистикалық құзіреттілік орталығы жаратылыстану факультеттеріндегі шет тілі кафедрасымен бірігіп, емтихан нәтижесін ескере келе, тілді меңгеру деңгейлері бойынша университет оқытушыларына 27 қаңтардан бастап ағылшын тілінен курстар жүргізуде.


10.02.2014 Шығыстану факультетінде Халықаралық корейтану орталығының жанынан «Қазақстан-Корея» ақпараттық-ресурстық зертханасы ашылды

2014 жылдың 8 ақпанында шығыстану факультетінде Корея Республикасының ғылыми-оқу және қаржы-өндірістік элитасымен ынтымақтастық шеңберінде тағы бір жоба іске қосылды. Бұл идеяның бастамашысы – корейтану және жапонтану кафедрасының профессоры, Халықаралық корейтану орталығының директоры, т.ғ.д. Г.Н.Ким. Бүгінгі таңда осы идея жүзеге асырылып отыр. Шығыстану факультетінде Халықаралық корейтану орталығының жанынан «Қазақстан-Корея» ақпараттық-ресурстық зертханасы ашылды.


10.02.2014 ҚазҰУ-ға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен келді

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің университет басшылығымен және жас ғалымдармен кездесуі болып өтті.


07.02.2014 Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Юсуф Калиангоның семинар-тренингі өтеді

2014 жылғы 24 ақпан 7 наурыз аралығында журналистика факультетінде (230 аудитория) Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Юсуф Калиангоның семинар-тренингі өтеді.


07.02.2014 Назар аударыңыз! ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған журналистер арасында байқау

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистер Одағының және Қазақстан журналистика Академиясының қолдауымен университеттің 80-жылдығына арналған жоғары оқу орнының қызметін жариялауда журналистер және отандық әрі шетелдік БАҚ ұжымдары арасында ең үздік материалға байқау жариялайды.


07.02.2014 ҚазҰУ студенттері Сочи олимпиадасына қатысушыларды қолдау мақсатында акция өткізілді

Бүгін төртжылдықтың басты спорттық оқиғаларының бірі – Сочидағы ХХІІ Олимпиадалық қысқы ойын. Аталмыш ірі спорттық оқиғаның ашылу сәтінде саясаттану кафедрасының Студенттік дискуссиялық «Политолог» клубы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасын қолдау мақсатында акция өткізді.