Жаңалықтар

Жаңалықтар


29.01.2014 Хабарландыру!

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Сіздерге Silkroute Erasmus Mundus Action 2 бағдарламасы аясында Silkroute атты академиялық мобильділікті арттыруға бағытталған жоба бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 7 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.


28.01.2014 Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді

31 қаңтарда 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыстылықпен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізеді.


28.01.2014 Баскетбол және тоғызқұмалақтан спартакиада өтеді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған 67-ші Факультетаралық Спартакиадасы өтеді.


28.01.2014 Киносүйер қауым назарына!

2014 жылғы 29 қаңтарда сағат 12.30-13.30 аралығында журналистика факультетінің 230 аудиториясында JamesonEmpire Awards 2014 аясында минуттық қысқа метражды фильмдердің «60 секундта түсіру» атты конкурсының презентациясы өтеді. Бұл барлық қатысамын деушілер үшін ашық конкурс.


27.01.2014 Химия және химиялық технология факультетінің студенттері үздік деп танылды

2014 жылдың 24-25 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия-технологиялық және кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтарының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі өтті.


27.01.2014 Құттықтаймыз, Құралбек!

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубының ұйымдастырумен аталмыш университеттің 75 жылдығына орай АПФ және ЛД форматтары бойынша өткізілген VIII ректор кубогына арналған турнирде қазақ лигасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, физика-техникалық факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының 4 курс студенті Алдоңғаров Құралбек АПФ форматы бойынша бірінші орынға және ЛД форматы бойынша «Үздік спикер» номинациясына ие болды.


27.01.2014 Жас журналистер жолдауды талқылады

Журналистика факультетінде қаңтардың 24-і күні Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға куратор-эдвайзерлер А.Әсел, Б.Әсембаева, М.Абдрайымов, Ә. Әлімжанова т.б қатысты.


24.01.2014 Жұмыс берушілер мен студенттер кездесуі өтті

Бүгін география және табиғатты пайдалану факультетінде, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен туристік кәсіпорын өкілдері мен туризм мамандығының студенттері арасында кездесу өтті.


24.01.2014 Инновациялық кәсіпкерлік жобалар жарысы өтеді

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің бизнес инкубаторы Инновациялық кәсіпкерлік жоба жарысының өтетінін жариялайды.


23.01.2014 ҚазҰУ студенті Асхат Уәлиханов жеңімпаз атанды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті денешынықтыру және спорт мамандығының студенті, университеттің кәсіби боксшыларының бірі – Уәлиханов Асхат 64 кг. салмақ дәрежесінде Poland Hussars және Astana Arlans клубтары арасындағы үшінші жекпе-жегінде Дамиан Кивириді (Польша) жеңіп шықты.