Жаңалықтар

Жаңалықтар


11.12.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Иордания ЖОО-лары арасында әріптестік меморандумына қол қойылды

Ректор, академик Ғ. Мұтанов бастаған ҚазҰУ делегациясы Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдық мерейтойына орайластырылған шаралар аясында Иордан Хашимит Корольдігіне сапар шекті.


10.12.2013 Доңгук университетінің профессоры Ik Ki Kim дәріс оқыды

Шығыстану факультетінде «Жаңа ұрпақ» деген Син сиде үйірмесінің жұмыс барысында (үйірменің ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Ем Н.Б.) «The rise and fall of the Korean wave» (Корей толқының самғауы мен құлау) атты арнайы дәріс өтті.


10.12.2013 «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

12-13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.


10.12.2013 Журналистика факультетінде Ашық есік күні өтті

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының білім беруші ұстаздар талапкерлерді тартуда белсенді жұмыс жасап жатыр. 2013-2014 оқу жылындағы маңызды міндеттердің бірі – кафедра студенттерінің контингентін қалыптастыру.


10.12.2013 Экономикалық сұрақтарды реттеу мәселелері қарастырылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық сұрақтарды реттеу: тәжірибелер және мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


10.12.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығынан» келген қонақтарды қарсы алды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығының» бас директоры Дамир Алтынбекович Егизбаев, Техас университетінің басты сарапшысы Эрик Азулэй және М.В.Ломоносов атындағы ММУ коммерциализация кеңсесінің жетекшісі, жекеменшік жөніндегі сарапшы Олег Дьяченко, сонымен қатар Орта Азиялық аймақтың CRDFGlobal коммерцилизация кеңсесінің жетекшісі Евгений Красовский және Алматы қаласының коммерцилизация кеңсесінің бас менеджері Роза Бульдекбаева іс-қызметімен келді.


10.12.2013 Журналистика факультетінде Қарағанды облысының бітіруші сынып оқушыларына арналған виртуалды сабақ өткізілді

Журналистика факультетінде Қарағанды облысының бітіруші сынып оқушыларына арналған виртуалды сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – журналистика факультеті және «Қоғаммен байланыс» (PR) мамандығымен таныстыру болды. Онлайн кездесуге sabak.kz жүйесі бойынша № 61 мектептің оқушылары қосылды.


09.12.2013 ҚазҰУ-да тұрақты даму бойынша Ортаазиялық аймақтық хаб құрылатын болады

2013 жылдың 2-7 желтоқсаны Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-француздық ғылыми симпозиумға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары қатысып қайтты. Симпозиум аясында ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың ЮНЕСКО-ның білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен және ЮНЕСКО-ның тұрақты даму білім беру бөлімінің бастығы Александр Ляйхтпен кездесуі өтті.


09.12.2013 Францияда өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумына ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысты

2-7 желтоқсан 2013 жылы Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысып қайтты.


09.12.2013 “Қазіргі мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары (теория және тәжірибе мәселелері): ұлттық және шетелдік тәжірибе” атты конференция өтеді

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы 11 желтоқсан күні сағат 10.00-де 410 аудиторияда магистранттар мен докторанттар үшін “Қазіргі мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары (теория және тәжірибе мәселелері): ұлттық және шетелдік тәжірибе” тақырыбында халықаралық ғылыми-теоретикалық конференция өткізеді.