Жаңалықтар

Жаңалықтар


06.01.2014 Назар аударыңыз! 42-ші «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі

ҚазҰУ-да 8-17 қаңтар аралығында университеттің 80-жылдығына және Парасат кәсіподағының 20 жылдығына орай оқытушы-профессолар құрамы, докторанттар арасында 42-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі.


31.12.2013 Ғалым Мұтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: Серпінді жобаларымыз бен жоспарларымыз сәттілікпен жүзеге аса бергей!

Құрметті әріптестер мен студенттер! Жаңа 2014 жыл құтты да табысты болсын!

Тарих қойнауына жылжып бара жатқан 2013 жыл ҚазҰУ ұжымы үшін табысқа толы болды. Ұжымдық мәдениеті қалыптасқан, кәсіби деңгейі жоғары ортаның бұл жылғы бағындырған белестері мен жетістіктері жоғары. Олардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың QS рейтингтік агенттігінің қорытындысы бойынша 299-орынға көтеріліп, «Топ-300» әлемнің ең үздік жоғары оқу орны қатарына ену арқылы халықаралық деңгейдегі өз мәртебесін арттыра түскенін ерекше атап өткім келеді.


26.12.2013 ҚазҰУ-да "Al-Farabi university smart city" ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады

Жаңа жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылға дейін оқу орнының даму негізі болатын «Аl-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады.


26.12.2013 Бағашар Райымбек жеңімпаз атанды

2013 жылдың 12-15 желтоқсанында Алматы қаласындағы «Бағанашыл» спорткешенінде «Asian Bars» джиу-джитсудан 2-ші ашық Азия Чемпионаты өтті.


24.12.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық каталогқа енді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2013 жылы UNWTO.TedQual Certified: Higher Tourism Education Programmes каталогына енді. Каталогта білім беру бағдарламасы туристік білім беру сапасын сертификаттаудан өткен әлемнің 36 мемлекетінің 59 жоғарғы оқу орны туралы ақпараттар берілген.


23.12.2013 Оқытушылар мен жас ғалымдарға семинар өткізіледі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы мен Құқықтану және кәсіпкерлік Институтының азаматтық құқық және процесс кафедрасының (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) ұйымдастыруымен және з.ғ.д.,профессор Асхат Құзбағаровтың қатысуымен «Жеке құқықтық сипаттағы дауларды шешудің баламалы тәсілдері мен тараптарды бітістіру» атты тақырыпта семинар-тренинг өтеді. Семинарға оқытушылар мен жас ғалымдар шақырылады.


20.12.2013 Бірінші Халықаралық Журналистика және Коммуникация қысқы мектебі семинар-тренинг өткізеді

2014 жыл 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Коммуникация – бәріне: шығармашылық идеялар мен технологияларды басқару өнері» Бірінші Халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы мектебі Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде өтеді.


19.12.2013 Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған іс-шара ұйымдастырылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінде «100 кітап» жобасы аясында ҚР Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың 90 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған шаралар өтті.


19.12.2013 Алматы-тәуелсіздіктің алтын бесігі

Қазақ елі тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының ұжымы 17 студенттер үйінде өткізген кештің тақырыбы «Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп аталды.


19.12.2013 Ең үздік «Ғылыми студенттік бірлестік» конкурсы өтті

Студенттердің ғылыми қоғамымен бірге (СҒҚ) заң факультетінде ең үздік «Ғылыми студенттік бірлестік» конкурсы өтті.