Жаңалықтар

Жаңалықтар


13.03.2013 "Мейірхан Әбділдин" кітабының тұсаукесері өтеді

15-16 наурыз аралығында Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Заманауи физиканың өзекті проблемалары» атты ҚР ҰҒА академигі Әбділдин Мейірхан Мүбаракұлының 75-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция өтеді.


12.03.2013 Оқытушылар мен студенттер назарына!

2013 жылғы 18 наурыз - 4 мамыр аралығында (сағ. 10:20-14:15, студенттердің баспасөз клубы, № 201 Б ауд.) Вайоминг университетінің профессоры (АҚШ) Джордж Гладней «БАҚ және қоғам», «БАҚ-тағы ғылыми зерттеулер» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.


12.03.2013 «Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта конференция өтеді

15-16 наурыз аралығында (сағат 10:00, №410 ауд.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті оқу кеңесі залында қазақстандық салалық кәсіподақтар және бірқатар ТМД елдерінің өкілдерінің қатысуымен «Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтеді.


12.03.2013 ҚазҰУ-да Тереза Джейкобстың (Ұлыбритания) дәрісі өтеді

15 наурыз сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Қызыл Залында Ұлыбританиядан LSBF (Лондондық Бизнес және Қаржы Мектебі) командасы менеджментінің жетекшісі Тереза Джейкобспен кездесу өтеді.


12.03.2013 "Құқық және қауіпсіздік" атты жаңа клуб ашылады

20 наурызда (сағ. 16:00) Халықаралық қатынастар факультетінде «Құқық және қауіпсіздік» атты дискуссиялық клубының ашылуы өтеді. Клуб магистранттар мен PhD докторанттарға арналған.


12.03.2013 ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен халықаралық конференциясы өтеді

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына байланысты «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


12.03.2013 Балалар үйіне қолдау көрсетіледі

Ағымдағы жылдың 13 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті мемлекет пен құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының ұжымы Алматы облысы Қарақастек ауылында орналасқан Балалар үйіне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізеді.


11.03.2013 ҚазҰУ-да білім беру саласындағы сұрақтарға арналған дөңгелек үстел өтеді

14 наурызда (сағат 16:00-де, №201 ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі межелерін студенттерге түсіндіру, Жолдауда көрсетілген межелерді орындауға, мазмұндалған жоспарларды іске асыру аясында білікті мамандар даярлау мақсатында ұйымдастырылған «Білім және кәсіби бейімделу – бүгінгі оқу жүйесінің басты бағыты» тақырыбындағы кеңейтілген дөңгелек үстел өткізіледі.


08.03.2013 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Құрметті ҚазҰУ арулары мен аяулы ұстаздар! Сіздерді көктемнің шуақты күні - әсемдік, нәзіктік, мейірім күні – 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын шүректен құттықтаймын!


07.03.2013 Жігерлік жастарды жеңіске жетелеуде

Студенттердің ең сүйікті жобасына айналған «Ең үздік студенттік топ-2013» байқауының 2 кезеңінің I туры өтті. Бірінші факультетішілік кезеңнің қорытындысы (әр топ студентінің үлгерімі, ғылыми жаңалық, қоғамдық жұмыс, спорт саласы бойынша жетістіктерін куәландыратын сертификаттар мен дипломдар), топтың өз-өзін таныстырудағы креативтілігі, бірлігі, формасы және т.б. ескеріліп, екінші кезеңге 10 студенттік топ жолдама алды.