Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.03.2013 Қазақ тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдануға арналған семинар өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Біліктілікті арттыру институты мен мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен жақында «Мемлекеттік тілді оқытудағы инновация: жаңа үрдістер және модульдік технология» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Республиканың барлық ЖОО-ның оқытушылары мен ғалымдары қатысты.


16.03.2013 Айман Бекетова «Жас куратор-эдвайзерлер» байқауының жеңімпазы

Механика-математика факультетінде информатика кафедрасы мен мехматтың студенттер маслихатының ұйымдастыруымен жас куратор-эдвайзерлер байқауы өтті. Сайыс «Таныстыру», «Өнер (көрініс)», «Сұрақ-жауап», «Шешендік өнер» атты қадамдармен өрбіді.


15.03.2013 Әріптестік байланыстар артуда

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына орай «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


15.03.2013 «Тәуелсіздік таңындағы жаңа тұлғалар» атты жобаның алғашқы қонақтарымен кездесу өтті

Университетімізде студент жастарды жігерлілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелейтін «Тәуелсіздік таңындағы жаңа тұлғалар » атты жаңа жоба бастау алды. Жас та болса халқымыздың бүгіні мен ертеңіне елеулі үлес қосып, қоғамда айырықша орын алып үлгерген аға буынмен пікір алмасу барысында студенттердің санасы өмірлік ұстаным мен зор рухани қазынаға толықпақ. Игі шараның алғашқы қонақтары – көпшілікке танымал ақын, жүргізуші Ринат Зайытов пен тындарман қауымға ерекше жақын Ғаділбек Жанай.


14.03.2013 66-шы факультетаралық спартакиада өз мәресіне жетті

14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің волейболдан қыздар командасы арасында 66-шы факультетаралық спартакиадасы өтті.


14.03.2013 Наурыз – жыл басы

13 наурыз күні заң факультетінің ұйымдастыруымен №18 жатақханада қазақы дастархан әзірленді. Заң факультетінің ұжымы толығымен атсалысқан дастархан басында алдымен университетіміздің «Парасат» кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Мекебаев ақ батасын берді, сондай-ақ әкімшілік департаментінің басшылары және барлық факультеттерден шақырылған қонақтар осы дастарханда бас қосты.


14.03.2013 Ән фестивалі шет тілінде өтті

12 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың № 14 жатақханасында халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасы ағылшын, француз, испан тілдерінде «A New American Star», «Les chansons de la France», «Nueva estrella Espanola» – атты әндер фестиваль-байқауын өткізді.


14.03.2013 Экология мәселері ҒЗИ өкілдері Алматы қалалық экологиялық жағдайды талдау бойынша өткен семинарына қатысты

Әл-Фараби атындағы Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) қаланың қатты қалдықтарын сараптау және қайта өңдеу жүйесінің жоқтығына байланысты экологиялық жағдайды талдау бойынша семинарға қатысты.


13.03.2013 3-4 курс студенттерінің назарына!

14 наурыз (сағат 12.00, 412 ауд.) «5в070100-биотехнология» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиаданың 1-ші кезеңі (1 тур) болады.


13.03.2013 Студенттік ғылыми жұмыстарға байқау жарияланды

Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі қазақстандық саясаттанушы, саясаттану ғылымының кандидаты Ерлан Қарин студенттермен кездесуде саясаттану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында ғылыми жұмысқа байқау жарияланатыны туралы айтты.