Жаңалықтар

Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді егу тақырыбында дәріс өткізілді

22.08.2017

География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының негізінде Алматы қаласында көлеңкеге төзімді өсімдіктерді егу тақырыбында дәріс өткізілді. Бұл «Тетис» қоғамдық бірлестігінің Халықаралық «Адам және биосфера» Ұлттық комитеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Сади Сады» жобасы аясында өткізілген кезекті шара болды. Аталған жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен бастау алды.

«Сади Сады» жобасының негізгі мақсаты – үй алдындағы кішкентай бау-бақшалар мысалында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялауды насихаттау. Қала тұрғындары бақша егуге әртүрлі жолмен келеді, бірақ барлық бағбаншылықпен айналысатын адамдарды біріктіретіні ол өздерінің және қала тұрғындарының өмірін әдемілік пен үйлесімділікке баулау. Қалалық бағбандар қауымдастығы бірлесе отырып өздерінің білімімен және ресурстарымен алмасып, пайда болатын қиындықтарды бірге шешіп, бір-біріне қолдаушылық көрсете алады.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы дәрістің тақырыбы негізінен көлеңкелі аймақта орналасатын үй алдындағы кішкентай бау-бақшалар жағдайында өте өзекті болып табылады. Өзінің баяндамасында қалалық көгалдандыру маманы Владимир Эпиктетов көлеңкеге төзімді 40-қа жуық өсімдіктерді атап өтіп, олардың түрлері мен күту жолдарына тоқталып өтті. Дәрістің үзінділері (видео) жобаның Фейсбуктегі «Сади сады/Plantgardens» атты парақшасында ілініп қояды.

ЮНЕСКО кафедрасы