Жаңалықтар

Халықаралық симпозиум

05.09.2018

«2018 Қытайтану және қазіргі заманғы Қытай» атты халықаралық симпозиум

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі мен Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының шақыруымен «2018 Қытайтану және қазіргі заманғы Қытай» атты халықаралық симпозиумның жұмысына қатысты. Ғалымдарға арналған шара Бейжиң қаласында өтіп, оған Қытайдың 11 ғалымы және 24 мемлекеттің 28 қытайтанушы маманы қатысты. Симпозиумге «Жас қытайтанушылар» өкілдері де шақырылды. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің қытайтану кафедрасының маманы Ажар Сериккалиева да болды. Профессор Нәбижан Мұқаметханұлы жалпы отырыста «Қазақстан мен Қытайдың индустрия саласындағы ынтымақтастық қатынасының дамуы» атты баяндама жасады.