Жаңалықтар

Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығында республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

12.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы «Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы Шыңжаңның рөлі» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстелді Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге республикамыздың жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары, Халықаралық қатынастар мен Шығыстану факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, PhD докторанттары, магистранттары мен студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде қазіргі заманғы Шыңжаңның Қытайдың геосаяи және геоэкономикасында алатын орны және Қазақстанмен қатынасында атқаратын рөлі кең көлемде талқыланды. Атап айтқанда Қытайдың Шыңжаңды дамыту саясаты мен тәжірибесі, Шыңжаңның әлелеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық саяси мәселелері, Шыңжаңның сыртқы сауда және мәдени байланыстарының дамуы, Қазақстан мен Қытай қатынастарында Шыңжаңның атқарып отырған рөлі сияқты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Дөңгелек үстелде ҚСЗИ ғылыми қызметкері Изимов Р, Абылай хан атындағы ХҚжӘТ университеті Халықаралық қатынастар факультетінен т.ғ.к., доцент Жұматаев Ғ.Б, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлары К.Қожахметов, Р.Елемесов, Г.Мовкебаева, PhD доктор Әбдіхалықов Қ., Жекенов Д және т.б. қатарлы ғалымдар баяндама жасады және қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Соңында, Н.Мұқаметханұлы конференция баяндамаларының жинақ болып баспадан шығатынын мәлімдеді.

Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы