Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «География ғылымдарының қазіргі мәселелері» атты конференциясын өткізеді

02.05.2014

2014 жылдың 5-6 мамырында ҚазҰУ-да (химфактың Малахит залы) география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы университеттің 80 жылдығы мен география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 65 жылдығына арналған «География ғылымдарының қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.


Конференцияның негізгі мақсаты алыс шет елдер, ТМД және Қазақстанның географ-ғалымдары, ЖОО және алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен бірлесе отырып, қазіргі география ғылымдарының өзекті мәселелерін талдау болып табылады.

Конференция келесі бағыттар бойынша жұмысы жасайды: «Физикалық география мен геоэкологияның негізгі мәселелері», «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның өзекті мәселелері және тұрақты даму», «Адамзат дамуы және әлеуметтік-демографиялық үрдістер», «Топырақтану, топырақты қорғау және жерге орналастыру мен кадастр мәселелері», «Қазіргі географиялық зерттеулердегі ГАЖ».

Конференция барысында жалпы 5 секция жұмысы мен топырақтанудың өзекті мәселері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Секция отырысы география және табиғатты пайдалану факультетінде (ауд.№217, 219 және 229) өткізіледі. Конференцияға барлығы 90-нан астам баяндама ұсынылды.

География, жерге орналастыру

және кадастр кафедрасы