Магистратура
Аймақтану

Аймақтану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Аталмыш оқу бағдарламасын бітіргеннен кейін студенттердің келесідей қабілеттерінің дамуы күтілуде:
1. қазіргі кезеңдегі парадигмалардың шеңберіндегі теориялық-әдіснамалық ұстанымдарды қолдана отыра қазіргі таңдағы аймақтардың даму механизмдері мен факторларын баяндай білу;
2. халықаралық қатынастар теориялары арқылы қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың аймақтық аспектілерін, аймақтық және жаһандық үдерістердің тенденцияларының дамуын түсіндіріп, баға беру;
3. бастапқы дереккөздердің негізінде Орталық Азиядағы халықаралық, интегративті, инновациялық үдерістердің негізгі мазмұнын саралау;
4. әлемдік державалардың жаңа стратегиялық тендецияларын, және олардың стратегиялық маңыздылығының өзгеруінің негізгі себептері мен тенденцияларын саралау, айқындау;
5. ғылыми ұстанымдар мен сыни талдау негізінде аймақтану мәселелерінің, және аймақтық, халықаралық мәселелердің зерттеу әдіснамасын кеңейту;
6. Қазақстан Республикасының жетекші аймақтармен стратегиялық мемлекеттік(республикалық, облыстық, қалалық) қарым-қатынастарының дамуын жоспарлауды дәйектеу жене түзету;
7. кем дегенде екі шет тілін қолдана отыра өзіндік ғылыми зерттеулерлер нәтижесінде сараптамалық жұмыс атқару, қолданбалы саралау қабілетін меңгеру, қазіргі таңдағы аймақтық және халықаралық-саяси үдерістердлің даму жолдарын болжау қабілеті;
8. посткеңестік аймақта, сонымен қатар, Еуропа, Азия, Африкадағы аймақтық ұйымдардың қызметін баяндай білу, саралау.
9. шет тіліндегі материалдарды қолдана отыра академиялық және сараптамалық жағдайда ғылыми дискуссияны, өзіндік ғылыми көз-қарастарды дәйекті түрде жеткізе білу;
10. мемлекеттің саясатын және стратегиясының түзуші механизм саралау, Қазақстан Республикасының көпжақты ынтымақтастықты орнату мен аймақтық қауіпсіздік жүйесінің нығаюына қосқан үлесін көрсете білу.
11. шет тілін қолдана отыра кәсіби командалар құрамында аймақтық және халықаралық деңгейдегі мақсаттарды шешу үшін көпшілік алдында дәйекті, нәтижелі сөйлесу, келіссөздер жүргізу, ұйымдастыру қабілеттерін көрсете білу.
12. өзіндік ғылыми, педагогикалық, кәсіби қызметтің нәтижелерін көрсете білу, және ары қарайғы ғылыми, және кәсіби даму траекториясын айқындау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Аймақтану
Мамандық шифры
7M03114
Факультеті
Халықаралық қатынастар

пәндер

Аймақтануды зерттеудің әдістемелік негізі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың теориялық білімі мен дағдыларын қолдана отырып, аймақтануды зерттеу, халықаралық, аймақтық үдерістерді талдау әдістемесі туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың эмпирикалық ақпараттарды өңдеудің негізгі әдістерін және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, қазіргі аймақтық үдерістердің теориялық және дербес талдауын құру қабілеттерін қалыптастырады. Пән халықаралық және аймақтық үдерістерді талдаудың әдіснамалық мектептері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған.

Әлемдік кешенді аймақтанудың өзекті мәселелері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - макроаймақтық, ұлттық және субаймақтық деңгейлерде әлеуметтік-мәдени коды бар интеграциялық бірлестіктер ретінде аймақтар туралы түсінік қалыптастыру. Оқу курсы заманауи парадигмалар шеңберіндегі жаһандық интеграцияланған аймақтық зерттеудің қазіргі заманғы мәселелері туралы түсінік қалыптастырады. Пән қазіргі заманғы парадигмалар шеңберіндегі зерттеу әдістемесін, ғылыми әдістері мен тәсілдерін зерделеуге, аймақтардың гео-мәдени ерекшеліктерін талдауға және аймақтың әлеуметтік-мәдени портретін қалыптастырудағы логиканы көрсетуге бағытталған.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Ұлттық және жаһандық қауіпсіздік теориялары
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың қауіпсіздік мәселелерін зерттеу және осы саладағы халықаралық және аймақтық үдерістерді талдау әдіснамасы туралы жалпы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың заманауи аймақтық үдерістерді теориялық және өзіндік талдау дағдыларын дамытуға, эмпирикалық ақпаратты өңдеудің негізгі әдістерін көрсетуге және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі діни фактор
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - қазіргі заманғы аймақтық қауіпсіздіктің жүйесіндегі діннің рөлі мәселесіне жаңа көзқарастар туралы түсінік қалыптастыру. Пән діни экстремизм мен фундаментализмнің мемлекеттердің саяси жүйелеріне әсерін зерттеуге; Орталық Азиядағы діни ахуалдың даму тенденцияларын және мемлекеттердің аймақтық және халықаралық ұйымдармен жүргізетін саясатын талдауға;жаһандану жағдайында аймақтардағы және Қазақстан Республикасындағы заманауи конфессиялық динамиканы талдауға бағытталған.

Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық соғыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда ақпараттық соғыстар туралы саяси қатынастардың түрлері, ХХІ ғасырдағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің маңыздылығын бағалаудағы негізгі тәсілдер мен қазіргі тенденциялар туралы түсінік қалыптастыру. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық таралуы; мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін алға жылжытудағы элита мен ақпараттық қоғамның рөлін зерттеуге, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және осы салада ұсыныстар дайындау мүмкіндіктерін жүзеге асыру қабілетін қалыптастырады

Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі ядролық қауіпсіздік мәселесін зерттеудегі жаңа тәсілдер туралы түсінік қалыптастыру. Пән ядролық қаруды таратпау мәселелері, осы процестегі Қазақстан Республикасының рөлі, бастамалары жайлы түсінік қалыптастырады. Пән ядролық қарудың трансформациясы мен тыйым салу саясатын талдауға; ядролық қару, ядролық материалдардың қауіпсіздігі мен таратылмауы туралы қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық талаптар мен нормаларын талдауға; лаңкестік әрекеттерді алдын алудағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатын деректік талдауы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттың аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясаты мен стратегиясына; дерек көздеріне сүйене отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде қазақстандық дипломатиялық қызметке талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ОА елдерінің сыртқы саяси қызметін талдау үшін тарихи, дипломатиялық дереккөздердің табиғатын, шынайылылығын, оның тарихи және ақпараттық деңгейін анықтайды.

Орталық Азия елдерінің трансформациясының мәдени-өркениеттік негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты-Орталық Азия елдерінде болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-мәдени үдерістердің тарихи тәжірибесі мен өркениеттік ерекшелігін ескере отырып, кәсіби түсінігін қалыптастыру. Пән Орталық Азия елдерінің саяси жүйелерінің өзгеру бағытын, деңгейін анықтау үшін мәдени-өркениеттік тәсіл әдісін қолдану қабілетін қалыптастырады.

Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - Орталық Азияда болып жатқан үдерістер мен аймақтағы ынтымақтастықтың дамуына әсер ететін факторлар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқу курсы негізгі геосаяси идеялар мен тұжырымдамалар, әртүрлі теориялардың негізгі ережелері түсінік қалыптастырады. Пән Орталық Азиядағы ынтымақтастық мәселелерін, аймақтық үдерістерді талдауға, әдіснамалық тәсілдерді қолдануға, интеграциялық үдерістерді аймақтық көзқарас тұрғысынан талдауға бағытталған.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың өзекті мәселелері: теориялық және практикалық тәсілдер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-халықаралық және аймақтық үдерістердің ішкі себептерін, жүйесін және дамуын түсіну, дербес ғылыми зерттеулерді орындау барысында аймақтық және халықаралық-саяси үдерістердің даму деңгейін болжай білу қабілетін қалыптастыру. Аталмыш курс аймақтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік даму бағыты мен барысын; аймақтық интеграцияның қауіпсіздік мәселелерін, этностық, діни және тілдік негіздегі бірегейлік жанжалдары сияқты мәселелерді қамтиды.

Энергетикалық қауіпсіздік және дипломатия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда қазіргі халықаралық қатынастардағы энергетиканың рөлі туралы жүйелі білім қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін жүйелеу қабілетін қалыптастырады. Пән жетекші орталықтардың энергетикалық саясатын, энергетикалық нарықтардың даму аспектілерін, негізгі ойыншылардың энергетикалық тұжырымдамасын; Қазақстанның халықаралық энергия қауіпсіздігі жүйесіндегі орны мен рөлін зерттеуге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген