Магистратура
Цифрлық экономика

Цифрлық экономика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - экономика ғылымдары магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.қазіргі заманғы терең экономикалық білімді көрсету және жаңа теориялар негізінде жаһандану және экономикалық дамуды цифрландыру жағдайында әлемдік және ұлттық экономикадағы нақты процестерді түсіндіру, салыстыру және қорытуға қабілетті
2.әлемдік экономикада, Қазақстанның әріптес елдерінде сыртқы саудада, бизнес пен қаржылық ортада және аналитикада қолданылатын және пайдаланылатын ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен жүйелерді дамыту саласындағы теория мен практиканың озық жетістіктерін сыни бағалауға және түсіндіруге, экономиканы дамытуда VR/AR/MR технологияларының рөлін айқындауға қабілетті
3.ұлттық экономикадағы, тұтастай алғанда, және/немесе саладағы/өңірдегі/кәсіпорындағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа бағдарламалық өнімдерді, веб-сайттар мен қосымшаларды әзірлеу кезінде үлкен деректерді талдау үшін бизнес-аналитиканың заманауи өңдеу әдістері мен құралдарын пайдалануға қабілетті
4.отандық және шетелдік зерттеушілер мен практиктердің нәтижелерін жалпылау, сыни бағалау және дұрыс түсіндіру мен қолдану негізінде ұлттық экономиканың түрлі секторларында ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымдағы трендтерді және ауқымды деректер технологияларын, жасанды интеллектті, VR/AR/MR және басқа да АКТ енгізу мүмкіндіктерін дербес зерттеуге және бағалауға қабілетті
5.үлкен деректер мен ресми статистиканы жинау, талдау және салыстыру негізінде бизнес пен экономикалық саясаттың нақты проблемаларын талдауға және бағалауға, ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында олардың перспективалық даму бағыттарын ұсынуға, ғылыми негізделген тұжырымдар негізінде цифрландыру жағдайында заңсыз қызметтің себептері мен салдарларын негіздеуге қабілетті
6.стратегиялық және жедел жоспарлар мен бюджеттерді, смарт-келісімшарттарды және блокчейнді әзірлеуге қабілетті; бәсекеге қабілетті артықшылықтарын анықтау үшін сандық ортада және нақты экономикада әртүрлі меншік түріндегі ұйымдардың қаржылық-экономикалық есептілігін кәсіби түсіндіру, талдау және салыстыру және әлемдік нарықтардың конъюнктурасын болжау негізінде өңірлік және халықаралық бизнесті жүргізудің жаңа нысандарын ұсыну
7.инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны бағалау мен талдаудың қазіргі және жаңа әдістемелеріне кешенді талдауды жүзеге асыруға, бәсекеге қабілеттілік пен бизнесті жүргізудің жаһандық рейтингтерінде елдің ұстанымын арттыру үшін жаңа көрсеткіштер мен оларды жақсарту және қазақстандық экономикалық болмысқа бейімдеу құралдарын ұсынуға, ұлттық экономиканың цифрлық даму үрдістерін ескере отырып, олардың практикалық маңыздылығын негіздеуге қабілетті
8.елдегі бизнес-процестерді сапалы жақсарту жолдарын табуға және ұсынуға, бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларына сүйене отырып (Python, Java, Ruby, PHP, JavaScript және т. б.)., big data, блокчейн, жасанды интеллект, VR/AR/MR сияқты цифрлық технологиялар негізінде оларды жаңаларына айналдыруға қабілетті
9.big data-мен жұмыс жасау, блокчейн енгізу, жасанды интеллект пен VR/AR/MR технологияларын пайдалану сияқты цифрлық технологияларды дамыту негізінде ұлттық экономикадағы ресурстарды, процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдаланудың экономикалық міндеттерінің жаңа шешімдерін модельдеуге қабілетті
10.криптовалюта әлемдік нарығының және ICO нарығының, қаржы саласындағы блокчейннің алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларының, блокчейн жүйелеріндегі агенттік қатынастардың, PoS алгоритмдерінің өзекті трендтері мен даму ерекшеліктерін Қазақстандық бизнес үшін аналогтар мен жаңа модельдерді әзірлеу үшін талдауға және осы саладағы ұлттық экономикадағы қазіргі проблемаларды шешу мен жаңа идеяларды ұсынуға қабілетті
11.қолданбалы эконометрикалық, микро - және макроэкономикалық модельдеу негізінде елдің экономикалық дамуын түсіндіру үшін ұлттық экономиканың статистикалық деректерін бағалауға және оларды әлемдік деректермен салыстыруға; әзірленген модельдің барабарлығы мен дұрыстығын бағалау негізінде Қазақстан экономикасының, тұтастай алғанда және/немесе елдің жекелеген өңірінің/саласының/кәсіпорнының жай-күйі мен дамуын болжау үшін модельдеу нәтижелерін талдау және түсіндіру
12.кәсіпорынның, саланың/өңірдің немесе тұтастай елдің экономикалық дамуын жақсарту жөніндегі міндеттерді шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда жаңа идеялар мен модельдерді енгізу бойынша өз көзқарасын негіздеуге; әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды, мемлекеттің тарихи мұрасын толерантты қабылдай отырып, ұжымды кәсіби және демократиялық жолмен басқаруға; әлеуметтік, кәсіптік этика нормаларын сақтауға міндетті; ұжым қызметінің нәтижелеріне дербес жауапкершілік алу, кәсіби қызметте және іскерлік келіссөздер жүргізу кезінде табысты және оң коммуникабельділікті, шешендік шеберлікті және заңға бағынушылықты көрсету; өзінің экономикалық білімі мен ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін қолданудың тиімді салаларын кәсіби және объективті бағалау және талдау қабілетін көрсету

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Цифрлық экономика
Мамандық шифры
7M04143
Факультеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Уақыттық қатарлардың қолданбалы эконометрикасы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – эконометриялық модельдеу есептерін шешуде эконометриялық модельдерді, қолданбалы бағдарламалық кешендерді қолдану дағдысын қалыптастыру. Пән экономикадағы уақыттық қатарларды талдау әдістерін және оларды экономикалық құбылыстарды болжау мен бағалау үшін қолдануды үйренуге бағытталған.

Цифрландыру жағдайындағы кеңістіктік экономика
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономиканың дамуын болжау үшін кеңістіктік экономика модельдері туралы білімді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - мемлекет пен бизнестің стратегиялық міндеттерін шешу үшін кеңістіктік деректерді талдау; - кеңістіктік деректерді модельдеу үшін цифрлық технологияларды қолдану; - кеңістіктік деректерді цифрландырудың оң әсерін бағалау; - экономиканың мінез-құлқын оңтайландыру, рационализациялау үшін жаңа кеңістіктік модельдерді әзірлеу.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

Экономикалық ғылымының қазіргі концепциялары
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – экономикалық теорияның іргелі мәселелерін анықтау үшін экономикалық талдаудың теорияларын/әдістемелерін пайдалану қабілетін дамыту. Пән магистранттарды экономика саласындағы негізгі заманауи теориялар мен тұжырымдамалармен таныстыратын курс болып табылады. Пән экономикадағы соңғы зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Басқарудың жаңа технологиялары, блокчейн және криптоактивтер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономиканы басқарудың жаңа технологиялары, блокчейн және криптоэкономика туралы білімді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - бизнес-үдерістерді және жалпы экономиканы басқару үшін кванттық және нейротехнологиялар туралы білімдерін көрсету; - криптоэкономика үшін блокчейн технологиялары мен криптографиялық әдістер мен майнинг технологияларын анықтау; - бизнес-процестер үшін блокчейн модульдері мен платформаларын пайдалану.

Бизнес-аналитикадағы цифрлық құралдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бағдарламалық құралдармен және өнімдермен цифрлық экономикалық ақпаратты өңдеу және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - шаруашылық қызметті жүргізу барысында деректерді жинау және талдау әдістерін қолдану; - цифрлық экономикалық ақпаратты бағдарламалық өңдеудің негізгі әдістерін анықтау (SPSS); - экономикалық жоспарлар мен қаржылық есептеулер үшін MS Excel кестелік процессорларын қолдану.

Бизнестегі цифрлық технологиялар және тәуекелдіктерді басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: цифрлық экономика жағдайында жаңа бизнес-модельдер, технологиялар және тәуекелдер туралы тұтас түсінікті қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - цифрландыру жағдайында бизнес үшін инновациялық трендтерді бағалау; - өнімді нарыққа шығару үшін диджитал-маркетинг пен бренд-менеджментті пайдалану; - бизнес-құрылым қызметінің тиімділігін бағалау; - бизнес және тиімді тәуекел-менеджмент үшін "Индустрия 4.0" қауіптерін/мүмкіндіктерін талдау.

Бизнестегі цифрлық трансформация және көлеңкелі экономика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: "Индустрия 4.0" шеңберінде экономиканы цифрландырудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы кешенді білімді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - нарық трендтері мен сын-қатерлерін сыни талдау “Индустрия 4.0”; - экономиканың нақты салаларын цифрландыру мүмкіндіктері мен қауіптерін бағалау; - экономикадағы цифрлық компаниялардың жаңа бизнес-модельдерін ұсыну; - цифрландырудың Бизнестің заңсыз қызметінің айналымына әсерін бағалау.

Макроэкономикалық моделдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: озық макроэкономикалық модельдер мен макроэкономикалық талдау әдістері туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру. Пән макроэкономикалық жүйені зерттеуге және оның болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін формальды математикалық модельдерді әзірлеуді қамтиды. Осы пәннің аясында магистранттар макроэкономикалық құбылыстар мен процестерді талдау және модельдеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.

Микроэкономикалық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Экономикалық агенттердің мінез-құлқы туралы кешенді білімді және микроэкономикалық талдау дағдыларын қалыптастыру. Микроэкономикалық талдау – экономикалық теория мен талдауды зерттеудің неғұрлым жетілдірілген және тереңірек деңгейі. Пән магистранттарды анағұрлым күрделі модельдермен және теориялық тұжырымдамалармен таныстыруға, сондай-ақ оларды эмпирикалық күрделі экономикалық мәселелерді талдауға қолдануға бағытталған.

Цифрлық интеграция және жасанды интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: негізгі бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллекттің рөлі мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - ЖИ саласында шешілген және шешілмеген міндеттер шеңберін анықтау; - ЖИ символдық тәсілін меңгеру, нейрондық желілердің архитектурасын анықтау; - ақпараттық деректермен, Байес теоремасымен жұмыс істеу принциптерін талдау; - ЖИ этикалық мәселелерін талдау.

Экономиканың цифрлық өзгеруінде Big Data
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономиканың цифрлық трансформациясы және BigData-ны кәсіпорындар қызметінде пайдалану мүмкіндіктері туралы білімді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: - экономиканы цифрландырудың негізгі процестерін және электрондық бизнесті басқару проблемаларын анықтау; - экономикада BigData қолдану мүмкіндіктерін анықтау және оларды талдау әдістерін таңдау; - Big Data технологиясын пайдалану үшін кәсіпорындардың бизнес-модельдерін түрлендіруді жүргізу.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген