СМИ о КазНУ
09.06.2011 "Казинформ" Национальное информационное агентство
09.06.2011 / 13:32 Контактученых и производителей - главная особенность Международной конференции в Алматы
АЛМАТЫ. 9 июня. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - По инициативе казахстанской стороны на данной конференции мы предложим опыткоммерциализации ряда научно-технических разработок.
Об этом профессор Национального исследовательского технологического университета «МиСиС», заслуженный деятель науки РФ Лев Кожитов сказал сегодня в Алматы на VIII Международной научной конференции «Перспективные технологии, оборудование и аналитические системы для материаловедения и наноматериалов».
09.06.2011 "Заң" республиканская ежедневная газета
Жастар тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөлген елдің болашағы қай кезде де жарқын болары анық. «Нұр-Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы: «Болашақ қазақстандықты тәрбиелеу – мемлекеттің жастар саясатындағы басты мақсаты», – деп көрсетті.
Жақында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Білім және ғылым министрлігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп өткізген «Қазіргі заман жастарына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы да нәтижелі болды.
09.06.2011 "Айқын" республиканская общественно-политическая газета
Дарынды студенттерге шәкіртақы төлейді
09.06.11.
БТА Банкі «БТА-дан шәкіртақы» қайырымдылық жобасының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды.
Құжатқа Банк тарапынан басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ЖОО тарапынан ректор Ғалымқайыр Мұтанов қол қойды. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының дарынды студенттеріне ай сайын шәкіртақы төлеу, сондай-ақ БТА Банкінің «Әмбебап факультеті» білім беруге арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша жеңілдіктер ұсыну болып отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасасқан ынтымақтастық келісімшарты «БТА-дан шәкіртақы» жобасы аясында үшінші рет жүзеге асты. Осы секілді келісім Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен және 31 мамырда Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технология және инжиниринг университетімен жасалды. Аталмыш жобаға еліміздің әрбір аймағынан 29 қазақстандық ЖОО-ы қатысады деп жоспарланып отыр.
08.06.2011 «Айқын» Республиканская общественно-политическая газета
Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистредің IV республикалық байқауы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Қазақстан Журналистер одағы, Бейбіт Құсанбек атындағы қоғамдық қор Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің IV республикалық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты: журналист Бейбіт Құсанбектің шығармашылығын өнеге ете отырып, жас тележурналистердің шеберлігін шыңдау; Ұлттық тележурналистиканың дамуына ықпал ету; жас талаптардың жаңашылдығына жол ашу.
07.06.2011 "Казинформ" национальное информационное агентство
Профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы» атанды
АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы (IGIP)» атанды,
07.06.2011 "Казинформ" национальное информационное агентство
КазНУ и БТАБанк подписали договор о сотрудничестве в рамках проекта «Стипендия от БТА»
АЛМАТЫ. 7 июня. КАЗИНФОРМ /Елена Ильинская/ - КазНУ им. аль-Фараби и АО «БТАБанк» подписали договор о сотрудничестве в рамках благотворительного проекта «Стипендия от БТА», сообщает пресс-служба вуза.
07.06.2011 "Айқын" Республиканская общественно-политическая газета
7 маусым, 2011 жыл
Дизайнерлерді дайындайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспа ісі және БАҚ дизайныкафедрасынан сүйінші хабар жетті. Оқу орны алдағы оқу жылынан бастап, дизайнер мамандығы бойынша да маман дайындайтын болыпты. Білім және ғылым министрлігінен арнайы лицензия алып қойған факультет бұған дейін жалпы журналистика, баспа ісі, қоғаммен байланыс мамандарын даярлап келсе, ендігі жерде студенттер дизайнер маманы болып та шығады.
Сүйінші хабарды жеткізген аталмыш кафедра меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлының айтуынша, бүгінде мамандық бойынша оқу бағдарламалары әхірленіп, оқу сағаттары есептеліп, университет қызметкерлері қызу дайындыққа кіріскен.
06.06.2011 «Алматы ақшамы» общественно-политическая газета
Барлық түлек бас қосты
Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр.
«ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сынды бірнеше елге белгілі азаматтар бар.
Жиын салтанатты түрде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ түлегінің күні» салтанатты түрде ашылды. Өз кезегінде сөз алған университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бұл мерекенің келешекте әр жылдың мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетінін айтты.
06.06.2011 Газета «Жас қазақ»
3 маусым 2011 жыл
«ҚазҰУ түлегінің күні»
28 мамырда студенттік кампус – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр. Алда бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетін болады.
Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. «ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.
06.06.2011 "КазИнформ" Национальное информационное агентства
06.06.2011 / 11:31
Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде «Cisco Network Academy Program» халықаралық білім беру бағдарламасының қолдаумен желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр.
Бұл шара осы саладағы Қазақстандағы алғашқы студенттік олимпиада болып саналады.