СМИ о КазНУ
17.03.2011 "Түркістан" халықаралық саяси апталық
САҒАТБЕК МЕДЕУБЕКҰЛЫ: ҚОҒАМНЫҢ ШЫНДЫҒЫН КӨРЕ БIЛСЕК...
Құй сенiңiз, құй сенбеңiз, қолыңызда ұстап отырған газет редакциясында, бұл газетте ғана емес, елдегi республикалық басылымдарда, телерадио құралдарында жұмыс iстеп жүрген азаматтардың бәрi – кезiнде "журналистиканың қара шаңырағында", әл-Фараби атындағы (бiр кездегi Киров атындағы) Қазақ Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнен шыңдалып шыққандар. Алматының ғана емес, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiндегi журналистер "армиясының" талай "дивизиясын" дайындаған оқу орны бұл.
Сондықтан да журналистердiң "қара шаңырақта" не болып жатқанына қашан да құлағы түрiк.
Жақында осы факультеттiң Баспа iсi және БАҚ дизайны кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлымен ғылым, бiлiм мәселелерi жөнiнде пiкiр алысудың сәтi түстi.
17.03.2011 "КазИнформ" Национальное Информационное агентство
Впервые казахстанец защитил диссертацию в одном из ведущих вузов Испании, получив диплом доктора PhD
АЛМАТЫ. 17 марта. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Впервые казахстанец - студент КазНУ им. аль-Фараби - Абдиадиль Аскарулы успешно защитил диссертацию в одном из ведущих вузов Испании - Валенсийском политехническом университете (ВПУ) и получил диплом доктора PhD по специальности «Прикладная математика», сообщает пресс-служба КазНУ.
17.03.2011 "Қазақстан-Заман" халықаралық қоғамдық-саяси газет
Тәуелсіздікті ұлықтауға арналған спорт мерекесі
Алматы қаласының әкімдігі ҚазҰУ-дың спорт кешенінде оңтүстік астанадағы жоғарғы оқу орындары студенттері арасында өтетін ІІ Университетаралық Спартакиаданың сатанатты ашылуына қатысты баспасөз мәжілісін ұйымдастырды.
17.03.2011 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
Ақындар студенттермен жүздесті
«Мұзбалақ» жас ақындар клубының ұйымдастыруымен жуырда ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде есімі елге танымал ақындар Аманхан Әлімұлы мен Бауыржан Қарабекпен кездесу кеші өтті.
17.03.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі
Ұлы дала перзенттері адамзатқа теңдесі жоқ материалдық және рухани мәдениеттің үлгілерін жасап қалдырды – тарихшы Арман Жұмаділ
АЛМАТЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлы дала тарихында мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуында әскери іс пен соғыс өнері айрықша орын алады.
Осы орайда ұлы даладағы қолбасшылық өнердің қыр-сырын терең зерттеп жүрген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты Арман Жұмаділден алғансұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
17.03.2011 "Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газет
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кеші өткізілді
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің шет ел азаматтарына арналған дайындық факультетіндегі «Парасат» жас әдебиетшілер клубының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кеші өткізілді.
15.03.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі
Академик С. Сатыбалдиннің ағылшын тіліндегі «Economy of Kazakhstan at century Junction» атты монографиясының тұсаукесері өтті
ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сағындық Сатыбалдиннің ағылшын тіліндегі монографиясының тұсаукесері өтті.
15.03.2011 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
Ықылас танытса қытайды да қазақша сөйлетуге болады
Анар Салқынбай, филология ғылымының докторы, профессор:
– Елімізде президенттікке үміткерлердің қазақ тілінен арнайы емтихан тапсыратын дәстүр бар. Сол секілді Парламент депутаттарын да осындай сынақтан өткізуге қалай қарайсыз?
– Меніңше, барша қазақ қауымы биліктен осыны күтіп отыр. Мемлекет басшылығынан үміткерлердің өзі емтихан тапсырады, ал неліктен басқалар тапсырмауы керек? Дегенмен халық қалаулыларына келгенде талапты осылай қатаңдатқанымыз дұрыс емес шығар. Себебі оларды тілі мен нәсіліне қарамастан халық сайлап отыр ғой. Олар – халықтың өкілі. Ал енді үкімет адамдары, министрлер, әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер міндетті түрде қазақ тілінен сынақ тапсыруы керек. Себебі олар халықпен жұмыс жасайды. Мемлекеттік қызметкерлеріміздің көрші халықтың ғана тілін біліп, өз елінің мемлекеттік тілін білмеуі – ұят нәрсе.
10.03.2011 "Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета
Двадцать инноваций – к юбилею
С интересной инициативой выступил Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, дав старт реализации 20 лучших инновационных проектов ученых и преподавателей вуза под девизом «20-летию Независимости Казахстана – 20 инноваций!». Это шаг к успешной трансформации в исследовательский университет мирового уровня.
10.03.2011 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 инновация!
Егемендіктің 20 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты оқытушылар мен ғалымдардың 20 үздік инновациялық жобасын жүзеге асыру бағдарламасы өз жұмысын бастады.
Ғылым, білім беру және инновацияның орталығы болып саналатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бұл бастамасы әлемдік деңгейдегі орны бар зерттеу университетіне айналуға байланысты Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған нақты міндеттерді орындауға бағытталған.