- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
13.09.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
12.09.2011 / 11:56
Мәдениет вице-министрі ҚазҰУ-да болашақ мәдениеттанушыларға дәріс оқыды
АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедраcы ұжымының ұйымдастыруымен
Әлеуметтік жаңғырту контексіндегі Қазақстан Республикасының мәдениеттік саясаты» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі, философия ғылымдарының докторы, Ғазиз Телебаевтың дәрісі өтті.
Ол Мәдениет министрлігі қызметінің 3 бағытының бірі - мәдени саясат мәселесіне тоқталып, аудитория тыңдаушыларын еліміздің мәдени жағдайымен таныстырып өтті. Сондай-ақ аталмыш ведомоство қызметінің көптеген жетістіктері, мәдениет саласындағы көптеген соны жаңалықтар туралы хабардар етті.
Министрлік қызметінің басты жұмыстарының бірі - 41 республикалық және 8000 облыстық-мәдени ұйым қызметтерін үйлестіру, дамыту болып табылады. Бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отырған батыс кино туындыларының ел ұрпағына тигізетін әсеріне байланысты «Мәдениет туралы» Заңға өзгерістер енгізілгендігін атады. Ол Қазақстанның кино, театр индустриясындағы көптеген жетістіктерге байланысты сандық көрсеткіштерд де айта кетті: 2010 жылы 78 фильм жобасы басталса (бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 70 %-ға артық), театр саласында 2010 жылда 39 әртүрлі деңгейдегі 39 жаңа қойылым жүзеге асқан. Оның ең ірісі атақты режиссер Борис Эйфманның «Қызыл Жизель» атты балетінің қойылуы болып табылады, бұл еліміздің мәдениет және өнер тарихындағы үлкен шың болды.
09.09.2011 «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет
9 қыркүйек 2011 жыл
Журналистермен жүздесу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің №5 жатақханасында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Қазақстан» ұлттық арнасының «Көршілер» бағдарламасының жүргізушісі Нұртілеу Иманғали, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай, «Заң» газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбай, «Заң» газетінің тілшісі, ақын Аманхан Әліммен студенттердің кездесуі болып өтті.
Кездесуді журналистика факультетінің деканы, заңгер-публицист, ғалым Есберген Оразұлы Алауханов жүргізді. Ол факультет ұжымының жаңа оқу жылында теориялық білім мен тәжірибені ұштастыру үшін белгілі қаламгерлер мен журналист, жазушы-ақындармен кездесулер, басқа да мәдени шаралар ұйымдастыруды көздеп отырғандығын тілге тиек етті.
09.09.2011 «Жас қазақ» Ұлттық апталық
9 қыркүйек 2011 жыл
Ыстықкөлге жолдама алды
1 маусым мен 25 тамыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттік құрылыс жасақтары маусымдық еңбек жұмысын атқарды. 22 тамызда СҚЖ-ның маусымдық жұмысы қорытындыланып, белсенділер басшылық тарапынан марапатталды.
«Сұңқар» Студенттер кәсіподағы құрылыс жасағында үздік жұмыс жасаған 30 жасаққа Ыстық көлдегі «Бостері» сауықтыру лагеріне демалу үшін жолдама ұсынды. Жасақтар арасынан 1,2,3 орын иегерлері анықталды. Сондай-ақ бір «Ең үздік командир»және үш «Ең үздік жауынгер» марапатталды. Жеңімпаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қолынан диплом иеленді. СҚЖ-да белсенділік танытқан басқа да жасақтарға Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы арнайы дипломдар табыс етті.
Университеттің барлық факультетінен құралған жасақ саны биыл 120. Оның 95-і ұл, ал 25-і қыз бала. Олар жұмыс маусымы барысында университет тарапынан үш уақыт тегін тамақпен, арнайы киім формасымен қамтамасыз етіліп, жатақханада тегін тұрды. СҚЖ студентінің айлық жалақысы орта есеппен 35000 теңгені құрады.
09.09.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
09.09.2011 / 15:33
Әлемдік жоғары оқу орындарының QS рейтингінде ҚазҰУ -дің рейтингі 200 орынға жоғарылады
АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ұлыбританияның Quacquarelli Symonds (QS) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік жоғары оқу орындары рейтингінде 200 орынға жоғарылап, 405-450 аралығындағы оқу орындары арасына тұрақтады.
Агенттік бір жылда ҚазҰУ-дың бұндай деңгейге көтерілуін өте үздік көрсеткіш деп бағалап отыр. ҚазҰУ Орталық Азия елдері арасында бұндай көрсеткішке тұңғыш рет қол жеткізіп отыр.
08.09.2011 «Казахстанская правда»
8 сентября 2011 года
Кластер для вундеркинда
Мой ребенок не такой, как все, - так думают исключительно все родители, и с этим трудно спорить. Но ведь есть дети, которые посиделкам во дворе предпочитают телескоп и звездное небо, самым романтичным занятием считают препарирование лягушек или всерьез озабочены глобальным потеплением и пишут свои первые, пусть неуклбжие, но научные работы. Таким мальчишкам и девчонкам, как правило, скучно в обычных школах. Именно для таких вундеркиндов Казахский национальный университет им. Аль-Фараби открыл в новом учебном году необычную школу, в которой будет реальная возможность с эных лет приобщиться к науке, работать с неизвестными учеными и уже со старших классов строить траекторию своего обучения.
- Конкуренция, ужесточающиеся требования работодателей к квалификации молодых специалистов мотивируют нас к постоянному поиску и движению вперед, - говорит директор университетской профильной школы Дарья Алпысбаева. – Поэтому в старейшем вузе страны было решено открыть профильную школу для старшеклассников.
08.09.2011 «Ана тілі» Ұлт газеті
8-14 қыркүйек 2011 жыл
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетенің филология факультетінде бір топ қаламгерлермен кездесу өтті.
Оған «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай, «қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары Еркін Жаппасұлы, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Ораз Қауғабай қатысты. Олар өздері қызмет ететін басылымдардың тыныс-тіршілігі жайында әңгімеледі.
08.09.2011 «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
8 қыркүйек 2011 жыл
Қаламгерлер болашақ журналистермен жүздесті
Кеше ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің №5 жатақханасында оқу жылының бастамасы ретінде факультет деканы Есберген Алаухановтың ұйымдастыруымен келелі кеш өтті.
Мазмұнды шараға елімізге есімі белгілі қаламгерлер, «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Нұртілеу Иманғалиұлы, «Заң» газетінен Бекжан Әшірбаев, Аманхан Әлім, «Үркер» жастар журналынан Қуандық Түменбайлар келді. Жиынның мақсаты – биылғы жаңа оқу жылына бағыт алған болашақ журналистерге аға буын ағалардың дәрісін тыңдатып, ақыл-кеңес беру. Басқосуды ашқан журналистика факультетінің деканы мұндай тәлімі мен тәрбиесі мол кештің бізге өте қажеттігін айта келіп, қаламгерлерге сөз берді.
06.09.2011 «Казахстанская правда»
6 сентября 2011 года
Для изучения языка – мобильник
Инновационная методика обучения иностранным языкам станет доступной для казахстанских преподавателей и студентов. Об этом было заявлено на Международном семинаре по внедрению мобильного обучения иностранному языку. Организаторами выступили КазНУ им. Аль-Фараби и Ообщественный образовательный фонд развития электронного обучения.
Метод Хофсо, а обучение основывается на восприятия звуков нового языка на слух в составе целых предложений, способствует правильному запоминанию не только звуков, но и слов, в также предложений и целых фраз изучаемого языка. И в этом помогают мобильные разработки Международной шведской компании So To Speak. Выступившие перед собравшейся аудиторией создатели инновационных методик Карл-Сверре Хофсо и Фуад Джазаар уверены, что с их помощью изучение иностранных языков станет легким и доступным, а в результате расширения контактов между странами улушшится понимание между людьми.
06.09.2011 «Дала мен қала»
5 қыркүйек, 2011 жыл
Білім нәрі
Университеттер қаншалықты білімді, толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын болса, соған байланысты қоғамымыз ой-санасы да жетіле түспек. Ал студенттердің білім алып, ғылыми жұмыстарын жетілдіруге кітапхананың, оқырман залдарының білім нәрімен сусындауға келген жастарға тигізер үлесі өте зор.
Жуырда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшыларының қолдауымен ҚазҰУ колледжінің студенттеріне арналған ғылыми кітапханасының оқырман залы мен абонементі салтанатты түрде ашылды.
06.09.2011 «Дала мен қала»
5 қыркүйек, 2011 жыл
Игіліктің бәрі бар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №14 жатақханасы биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, заманауи жабдықталған болатын. Жақында бұл нысан студенттер қолданысына берілді.
Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың басшылығымен студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге байланысты 2011-2015 жылдарға арналған «Студенттік баспана» бағдарламасы әзірленген еді. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл бағдарлама өз міндетін бастап кетті десек болады.