СМИ о КазНУ

СМИ о КазНУ


31.01.2011 "Казинформ" Национальное информационное агентство

Я горда достижениями своей страны за 20 лет - профессор Л.Ахметова

АЛМАТЫ. 28 января. КАЗИНФОРМ /Екатерина Ионова/ - С большим вниманием я выслушала сегодня Послание Президента народу Казахстана и очень горда за свою страну, за родной Казахстан, достигший невероятных успехов за 20 лет независимости. Об этом корреспонденту Казинформа сказала президент Алматинской конфедерации неправительственных организаций «Әріптес», заведующая кафедрой «ЮНЕСКО» Казахского национального университета им.аль-Фараби Ляйля Ахметова.


29.01.2011 Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

29.01.2011 / 12:17

Мы приложим все усилия, чтобы Казахстан стал еще лучше - студенты КазНУ им. аль-Фараби

АЛМАТЫ. 29 января. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - Как говорил один философ: «Прошлое и настоящее - наши средства, только будущее - наша цель». Поставив во главу угла светлое будущее Казахстана, Президент страны в своем Послании озвучил новые цели и задачи, которые предстоит решать нам всем воимя процветания родного государства, сказала корреспонденту Казинформа студентка факультета международных отношений КазНУ им. аль-Фараби, председатель студенческого совета общежития №1, президентский стипендиат Асем Урынгалиева.

«Для Казахстана прошлый год был примечателен вступлением в Таможенный союз, председательством в ОБСЕ и саммитом в Астане. Но нельзя останавливаться на этом, мы должны идти вперед и достигать новых вершин», - заявила отличница учебы.


29.01.2011 "Литер" ежедневная республиканская общественно-политическая газета

Стратегические цели
– Очередное послание президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана, как всегда, поразило глубоким анализом работы за прошедший год и мудрой политикой, представленной в задачах перед правительством и общественностью до 2020 года. Значительную часть своего выступления глава государства посвятил вопросам модернизации социальной политики страны, что вызвало горячую поддержку всего населения Казахстана.

Одна из основных сфер реализации государственной социальной политики – образование, которое сегодня в динамично меняющемся мире является основным человеческим капиталом. И наш президент постоянно обращает внимание на необходимость непрерывного совершенствования образовательной системы – от дошкольной до послевузовской.


28.01.2011 Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

27.01.2011 / 15:54

Ведущий вуз страны активно участвует в проведении Азиады-2011 - проректор КазНУ им аль-Фараби

АЛМАТЫ. 27 января. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Предстоящая Азиада имеет огромное значение для Казахстана. Крупное спортивное событие не только повысит имидж страны на международной арене, но и внесет неоценимый вклад в воспитание молодежи. Об этом корреспонденту Казинформа сказала проректор по языкам и воспитательной работе КазНУ им. аль-Фараби, доктор социологических наук, профессор Шолпан Джаманбалаева.

«Мы гордимся, что ведущий вуз страны активно участвует в проведении VII зимних Азиатских игр. Так, преподаватель кафедры физкультуры и спорта Светлана Подборина включена в судейскую коллегию по спортивному ориентированию. Шесть наших студентов являются кандидатами в Национальную сборную РК только на этих играх. Триста студентов, в совершенстве владеющие иностранными языками, станут волонтерами Азиады», - сообщила проректор.

По ее словам, все это вызывает у студентов вуза гордость за свой университет, за родной Казахстан, чувство сопричастности к важным делам страны. «А сопричастность порождает ответственность и дух корпоративности, которые очень пригодятся нашим студентам в будущем, какую бы профессию они ни выбрали», - отметила Ш. Джаманбалаева. Она уверена, Азиада-2011 послужит развитию отечественного спорта, популярности различных видов и привлечет подрастающее поколение к занятию физкультурой и спортом.


27.01.2011 "Заң" республикалық күнделікті газет

Несиені мақсатсыз пайдалану – заңбұзушылық

Несие дегеніміз – банк немесе не­сие­лік ұйымдардың қарыз алушылар­ға беретін ақшалай қаражаты. Ақша каражаты несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдалану қылмысының заты саналады.

Қылмыстың тікелей объектісі – банк­тік немесе басқадай несие­лік ұйым­дардың несиелік қызметін рет­тей­тін қоғамдық қатынастар. Объек­тивтік жағынан қылмыс іс-әрекеттен, қылмыстың зардабынан және себепті байланыстан тұрады.
Заң іс-әрекеттің мынадай нысандарын белгілеген: 1) несие алу, 2) несиені жеңілдік шарттармен алу. Жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі несие мен оны жеңілдікпен алуда не­сиелеудің жеңілдік шарттарына арналған елеулі мәні бар мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жал­ған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беріп, сол сияқты несиелеуді, демеуқаржы беру­ді тоқтатуға, жеңілдіктерді жою­­ға не бөлінген несие мен демеу­қар­жы мөлшерін шектеуге әкеп со­ға­тын мән-жайлардың пайда болуы тура­лы ақпаратты банкке, өз­ге не­сие берушіге хабарламау ар­қылы заңсыз жүзеге асырады. Яғни, бұл қылмыстың істелу тәсілі көпе-көрі­неу жал­ған мәліметтер енгі­зілген ресми құжаттарды пайдалану болып табылады. Мұндай құжат­тарға жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісінің қолы қойылып, белгіленген тәртіппен расталуы қажет. Зиян несие берушіге (банке немесе өзге де несие берушіге) келтірі­леді. Ірі зиянның түсінігі Қыл­мыстық кодекстің 189-бабының ес­кертуінде берілген.


27.01.2011 "Ана тілі" газеті

Ұлы Түркі қағанаты

Бүгінгі шаңырағы еңселі Тәуелсіз Қазақстанның тереңде жатқан этно-саяси тарихына бойлай бастасаңыз, ел болып еңсе көтеруімізде және қазіргі ұлан-ғайыр аймаққа біржолата қожалық жасауымызға Түркілер қауымдастығы құрған Ұлы Түркі қағанатының берік бастау, мызғымас ірге болғанын ұғына бастайсыз.Әсіресе, 552-630 жылдар аралығында бұл мемлекет тарихи ұлы держава деңгейіне көтеріліп, төңірегіндегі төрткүл дүниеге өзін еркін күшпен таңды, «бастыны идіріп, тізеліні бүктірді». Әрине, түркі атанған халық және оның алғашқы қағанаты аяқастынан пайда болған жоқ.
«Түрік» этнонимі тарих санасына VІ ғасыр ортасында шықса да, түркітілдес халықтың қалыптасуы – біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алатын, ұзақ та аса күрделі үрдіс. Орхон жазуларындағы жылнаманы оқы­ған жұрт «Түрік» атауы «мықты», «күшті» деген мағынаны білдіреді деп түсінеді. Шындығында, бұл Тиграхауда сақтарының атымен байланысты «шошақ бөріктілер» немесе «дулығалылар» дегенді аңғартады. Кезінде Іле өзенінен терістік шығысқа қарайғы аймақта сақтардың хұндармен қойындасып жатқан өлкесінде осы түріктердің алғашқы мемлекетін ұйыстырушы Нағыт Түріктің 10 әйелінен тараған Ашына (Ашина) әулеті елге танымал бола бастады. Қытайдың ежелгі жылнамасы бұл туралы былай дейді: «…осы әулет басқарған қауым өсіп-өрбіп, бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып, нөнелерге (жужандарға – Т.О.) бағынды. Алтынтаудың (Алтайдың – Т.О.) күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды».


12.01.2011 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

12.01.2011 / 12:07

Алматыда ҚазҰУ-ды Ұлттық зерттеу университетіне айналдыру мәселесі қаралды

АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Зерттеу университетінің білім беру қызметі» атты ғылыми конференция өтті.

Шара барысында отандық ғалымдар Ұлттық зерттеу университеті дегеніміз не және бұл атаққа лайық болу үшін не істеу керек деген өзекті сауалдарға жауап іздеп, талқылады.

Ғалымдар әлемдік топ-университеттер қатарына енуге бірден бір айқын жол - жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне айналдыру керектігін алға тартып, қазақстандық білім және ғылым кеңістігінің әлемдік университеттер рейтингісінен лайықты орын алуы үшін нақты жоспарларды жүзеге асыруды қолға алды.


08.01.2011 «Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет

7-қаңтар, жұма, 2011 жыл

Жерұйық – қазақ елінің брэнді

Бұл идеяны XV ғасырда Асан қайғы қалыптастырып кеткен. Қазақ азаматтарының бүгінгі басты мақсаттарының бірі де бірегейі әлемге осы құндылықты түсіндіру. Бұл тұжырым 24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде өткен “Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға өзек болды.

Аталмыш шараға Парламент сенатының депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім, Парламент сенатының депутаты, Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсітушілік күрес жөніндегі арнайы өкілі, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеяисының Қырғызстандағы жағдай бойынша арнайы өкілі Әділ Ахметов, Халықаралық “Диалог-Евразия” қоғамдық қорының президенті Салих Акчай, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли және бірнеше ғалымдар мен саясаттанушылар қатысты.


08.01.2011 «Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет

7-қаңтар, жұма, 2011 жыл

Ұлттық университет ғалымдары референдумды қолдайды

Жүзеге асып жатқан бағдарламаларды аяғына дейін жеткізу үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін референдум арқылы ұзарту керек. 27 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі бірауыздан осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар, шығысқазақстандықтардың бастамасын қолдаған ҚазҰУ ғалымдары ғылыми кеңесте қол жинау үшін жұмыс істейтін арнайы комиссия құрды.

Бүгінде Елбасының өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізуге байланысты мәселені қоғам қызу талқылап жатыр. ҚР Бас прокуратурасы жиналыс пен бастамашылық топты құру шаралары «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң талаптарына толықтай сәйкес келеді» десе, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «Референдумды ұйымдастыруға кететін шығын президенттік сайлауды өткізуге кететін шығыннан әлдеқайда төмен» болатынын айтты.


31.12.2010 «Қазақ әдебиеті» Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті

31.12.10.

«Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне»

24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның негізгі мақсаты – қазақ азаматтарына ХV ғасырда Асанқайғы қалыптастырып кеткен «Жерұйық – қазақ елінің брэнді» идеясын түсіндіру болды.