- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
06.06.2011 «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет
Барлық түлек бас қосты
Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр.
«ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сынды бірнеше елге белгілі азаматтар бар.
Жиын салтанатты түрде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ түлегінің күні» салтанатты түрде ашылды. Өз кезегінде сөз алған университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бұл мерекенің келешекте әр жылдың мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетінін айтты.
06.06.2011 «Жас қазақ» газеті
3 маусым 2011 жыл
«ҚазҰУ түлегінің күні»
28 мамырда студенттік кампус – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр. Алда бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетін болады.
Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. «ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.
06.06.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
06.06.2011 / 11:31
Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде «Cisco Network Academy Program» халықаралық білім беру бағдарламасының қолдаумен желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр.
Бұл шара осы саладағы Қазақстандағы алғашқы студенттік олимпиада болып саналады.
04.06.2011 "Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет
4 маусым, 2011 жыл
Ел білетін есім
Қансейіт
Бұл есім Оңтүстік Қазақстандағы Төле би ауданы Қасқасу елді мекеніндегі «Мыңшейіт» деп аталатын әулиелі жермен байланысты. Гүлперизат ана жақында ғана майданнан, бір қолынан айырылып оралған Әбдез есімді жас жігітпен шаңырақ көтеріп, бірақ ұзақ жылдар перзент көтере алмай жүреді.
Ауылдың іргесінде «Мыңшейіт» деп аталатын киелі жерде жаугершілік заманда шейіт болған мың сарбаздың бейіті болатын. Намаз үстінде қырылып кеткен осынау сарбаздардың сүйегін сол ауылда жалғыз аман қалған жас нәрестелі ана бірнеше күндер мен түндер көз ілмей, бір өзі сәбиін емізе жүріп барлығын ақ арулап, жер қойнына тапсырған.
03.06.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
3 маусым, 2011 жыл
Студенттер жасағы тәртіпті қадағалайды
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бастамасымен жыл сайын студенттер отрядтары құрылып, белсене жұмыс істейді. Олардың әрқасысының өзіндік тәртіп жүйесі мен атқаратын қызметтері әртүрлі болғанымен барлығының мақсаты бір – тәртіпті қадағалау болып табылады.
Қоғамдық тәртіпті қадағалай отырып олар өздерімен тағы бір істі алып жүреді, яғни қоғамдық орындардағы тазалық тазалық сақтау жұмысын қадағалайды.
03.06.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
03.06.2011 / 13:45
ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құрылмақ
АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құру Ниет-хатына қол қойды.
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Киммен кездесті. Кореядан келген делегация құрамында сонымен бірге Оңтүстік Кореядағы емхана басқармасы құрылыстарымен айналысатын компания өкілдері де бар.
03.06.2011 «Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет
3 маусым, жұма, 2011 жыл
«ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтілді
28 мамырда студенттік кампус – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр. Алда бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетін болады.
Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. «ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.
02.06.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
02.06.2011 / 11:18
КазНУ - двигатель науки в Казахстане, и нам важно наладить партнерство с таким научно-образовательным центром - посол Кубы в РК
АЛМАТЫ. 2 июня. КАЗИНФОРМ - Вопросы сотрудничества в области образования и науки, реализации совместных научно-исследовательских, гуманитарно-образовательных проектов были обсуждены накануне в Алматы на встрече ректора КазНУ им. аль-Фараби, академика Галыма Мутанова с послом Республики Куба в РК Абелардо Ернандесом Феррера и консулом посольства Нерис Гарсией Мериньос, сообщает пресс-служба вуза.
Посол Кубы подчеркнул, что КазНУ им. аль-Фараби является «двигателем науки в Казахстане и для Кубы очень важно наладить партнерство с таким научно-образовательным центром».
02.06.2011 "Ана тілі" Ұлт газеті
Араб әлеміндегі қазіргі жағдай
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде арабтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі кеңесіне төрағалық етуіне арналған «Араб тілі мен мәдениеті күндері» атты апталық өтті.
02.06.2011 "Ана тілі" Ұлт газеті
2-8 маусым 2011 жыл
Жаңа заманға сай жазылған еңбек
ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде сенатор, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің “Социализм – күнә мен кінә туралы роман” атты кітабының тұсаукесері болды.
Кітаптың тұсаукесер рәсімінде филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы құттықтау сөз сөйлеп, романның философиялық проза ретінде жазылғандығын айтты.