Жаңалықтар

Жаңалықтар


09.07.2015 ҚазҰУ студенті Д.Баландин жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада «алтынды» жеңіп алды

ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин бұл күндері Кванджу қаласында (Оңт.Корея) өтіп жатқан жазғы Бүкіләлемдік Универсиададағы алғашқы қазақстандық «алтынды» жеңіп алды. Ол 100 метрге браспен жүзу әдісі бойынша жеңімпаз атанып, тек Азия емес, бүкіл әлемнің мықты жүзгіштерінің бірі екендігін дәлелдеді.


08.07.2015 «Өнегелі өмір» университет сериясымен шыққан "Нұрсұлтан Назарбаев" атты кітап жарық көрді

«Қазақ университеті» баспасы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітапты жарыққа шығарды. Бұл басылым соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығарып келе жатқан белгілі «Өнегелі өмір» атты кітаптар сериясының арнайы шығарылымы болып табылады.


01.07.2015 ҚазҰУ-дың студенттері жазғы VIII Универсиадаға қатысты

Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында тоғызқұмалақ ойынынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған VIII жазғы Универсиадасы өтті.



01.07.2015 Оңтүстіккореялық білікті медицина мамандары ҚазҰУ-да болды

ҚазҰУ мен танымал «Кангнам Северанс» клиникасына ие Ёнсе университеті (Оңт.Корея) арасындағы әріптестік нәтижесінде университет студенттері мен оқытушылары, Алматы қаласы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары оңтүстіккореялық білікті медицина мамандарына тегін қаралуға мүмкіндік алды.


30.06.2015 ҚазҰУ Баспасөз қызметінің ресми ақпараты

Бірқатар БАҚ-та шыққан ҚазҰУ-дың бұрынғы бухгалтерларының заңсыз әрекеттері туралы ақпаратқа орай мынаны хабарлаймыз. 2014 жылдың соңында ҚазҰУ-дың қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс нәтижесінде алаяқтық және студенттердің бухгалтерия мамандары – С.Т.Жекенова, Д.Р.Тұрсынбекова, Б.Нұрланмен келісу арқылы оқу ақысын төлеуден жалтару фактісі анықталды. Бұл факті бойынша материалдар толығымен тез арада құқық қорғау органдарына жолданды.


29.06.2015 ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері Халықаралық йога күнін атап өтті

ҚазҰУ йога өнері арқылы адамның рухани дамуына, интеллектуалды және эмоциялық өсуіне, физикалық дамуына жол ашады деген пікірді алға тартып, халықаралық «Шанти» йога орталығын ашты. Өз жұмысын бастап кеткен орталық халықаралық «Мирас» мектебінде өткен «Халықаралық йога күні» мерекесінің ұйымдастырылуына ат салысты.


20.06.2015 ҚР-дағы Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі ҚазҰУ-да болды

ҚазҰУ-да ҚР-дағы Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нгуен Ван Хоа болып қайтты.


18.06.2015 ҚазҰУ және «OPTEK» компаниясы (РФ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚазҰУ-да «Carl Zeiss» концернін және Қазақстандағы жоғары технологиялар саласындағы басқа да әлемдік көшбасшыларын таныстыратын «OPTEK» компаниясы мен университет ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Келісім-шартқа ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және «OPTEK» компаниясының басқарушы директоры Максим Игельник қол қойды.


17.06.2015 ҚазҰУ-да тұрақты даму мәселелеріне арналған халықаралық симпозиум өтті

ҚазҰУ-да «Жаңа Жібек жолы – тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиум болып өтті.


16.06.2015 ҚазҰУ студенті үздіктер қатарында

Шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасының 3-курс студенті Мұхамбетқалиева Ақтотының эссесі «Tackling climate change: reasons for global involvement and importance of my role» тақырыбында өткен эсселер байқауында үздік ондыққа кірді.