Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.06.2015 Ғылыми-технологиялық паркінде «көшбасшылық теориясы» тақырыбында шеберлік сабағы болып өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» «Көшбасшылық теориясы» атты мотивациялық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің бизнес-инкубатор жетекшісі, «WAKE UP technology» старт-ап компаниясының директоры, «Тарлан» Жастар Одағының бұрынғы президенті және қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Жаңа ұрпақ» жобасының негізін салушы, Қазақстандық жас кәсіпкерлер ассоциациясының директорлар кеңесінің мүшесі және асоциацияның бас бизнес-кеңесшісі Абжанов Асхат Мұратбекұлы. Бұл іс-шараның басты мақсаты өзіңізде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.


16.06.2015 Эмити университетінің канцері А.Чаухан (Үндістан) ҚазҰУ-да болды

ҚазҰУ-да академик Ғ.Мұтанов Эмити университетінің канцлері, доктор Атул Чауханмен келіссөз өткізді. Кездесуде бірлескен ынтымақтастықтың ары қарай жалғасу мәселелері талқыланды.


11.06.2015 БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті докторы атағы берілді

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» атты V съезі және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуі аясында білім беру, ғылым, мәдениет пен тұрақты даму салаларындағы бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар маңызды шаралар өтті.


10.06.2015 ҚазҰУ-да «Русский язык и культура» орталығы ашылды

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Русский язык и культура» орталығының ашылу салтанаты болып өтті.


10.06.2015 Саясаттанушы-студенттерге шәкіртақы тапсырылды

Саясаттану ғылымына үлес қосқан белгілі тұлғалар атындағы шәкіртақылар тағайындаудың игі дәстүрі саясаттану кафедрасында қалыптасып келеді. Осыған орай 2015 жылдың 6 маусымында саясаттану кафедрасында, белгілі тұлғалар Тілеміс Мұстафин, Нұрболат Масанов, Сәбит Жусупов, Мейіржан Машан атындағы шәкіртақылар берілді.



09.06.2015 ҚазҰУ-да «Жібек Жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралық ISOCARD конференциясы өтіп жатыр

ҚазҰУ-да «Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралық ISOCARD конференциясы өтіп жатыр. Университет пен «ISOCARD-Kazakhstan» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған шараға 35 елден келген қонақтардың қатысуда.



06.06.2015 Қазақ хандығының тарихы ҚазҰУ-да талқыланды

ҚазҰУ-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Тұртаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжолова, Ш. Уәлиханов атындағы институт директорының орынбасары Н. Атығаев және өзге де құрметті қонақтар мен университет оқытушылары мен студенттері қатысты.


05.06.2015 Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен рәміздері

2015 жылдың 3-ші маусымында философия және саясаттану факультетінде «Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға барлық тілек білдірушілер шақырылды. Конференцияға жетекші ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.



03.06.2015 Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясында реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы талқыланды

Ел президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан көтерілген бес институционалдық реформалардың жүзеге асырылуы және оның аясындағы отандық ғылым мен білім беру саласының міндеттері Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген президиум отырысында талқыланды(ҚЖМ ҰҒА).


03.06.2015 ҚазҰУ-дің өкілдері «Шексіз білім» іс-шараға қатысты

2015 жылдың 27-30 мамыр аралығында Белгород қаласында «Шексіз білім» тақырыбындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 9-шы білім аптасы өтті. Осы іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім басқармасы ұйымдарының жетекшілері, ШЫҰ секретариатының эксперті Пруцких А.А., ШЫҰ Университетінің басты (базалық) ЖОО өкілдері қатысты.