Жаңалықтар

Жаңалықтар


14.04.2015 ҚазҰУ-да шетелдік профессорлармен кездесу өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне басқа ұйымдардан қаржыландыру көзі бойынша жобаларды тарту бағдарламасының аясында Макс Планк әлеуметтік антропология институты (Германия) және Цюрих университетінің профессорларының қатысуымен DACH жобасының презентациясы өткізілді.


13.04.2015 VI Республикалық «Болашақ баспагер, редактор, дизайнер» байқауының жеңімпаздары анықталды

VI Республикалық «Болашақ баспагер, редактор, дизайнер» байқауын «баспагер боламын» деп талпынғандарға арналған алғашқы баспалдақ десе де болғандай. «Баспа ісі және дизайн» мамандығына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларының саны жылдан жылға өсіп келеді. Оны республикамыздың түкпір-түкпірінен байқауға ниет білдірген 138 баланың өтінішінен байқауға болады.


13.04.2015 Айдана Сыдықова «Жас Отан» Жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамына мүше болды

Жалынды ел жастарының басы қосылған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ Кезектен тыс Съезі «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың басты бағыттары мен «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылдады. Бас қаладағы жиынға қатысқан жастардың барлығы ұлтының ертеңі үшін бей-қам жүрмейтін жастар екендігін көрсетті. Және дәл осы күні «Жас Отан» жастар Қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамы анықталды.


13.04.2015 «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті

2015 жылдың 8 сәуірінде «Ай тұлғасы» жобасы аясында «G-Global» интерактивті алаңында «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті.


13.04.2015 ҚазҰУ оқытушысы көрмеден табыспен оралды

«Атакент» сауда-көрме орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстан баспагерлері, полиграфистері және кітаптаратушылар Ассоциациясы «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясымен бірлесіп «Ұлы Жібек Жолымен» VIII Халықаралық кітап және полиграфия көрме-жәрмеңкесі өтті.


11.04.2015 ҚазҰУ-да сенбілік өтті

Қалалық сенбілікке ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары, қалашық тұрғындары жұмылдырылды. Тазалық шарасына универсиитет ұжымы мен студенттер бір кісідей ат салысты.


10.04.2015 Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы биолог-магистранттарға стипендия табыс етті

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы білім беру әлеуметтік жобасы және өзінің әлеуметтік жауапкершіліктерін орындау аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының оқуда өте жақсы көрсеткіштерге жеткен, әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтамасыз етілген студенттеріне арнайы стипендиялар тапсырды.


09.04.2015 «Ұлттық инновация және қазақтану» атты дөңгелек үстел өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен «Ақиқат» журналының ұйымдастыруымен «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел өтті.


09.04.2015 «Абайтану» республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.


09.04.2015 Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Үндістанның саясатын талқылады

Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен магистранттары Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Халықаралық қатынастардың аймақтық мәселелері және әлемдік актор ретіндегі Үндістанның рөлі» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.