Жаңалықтар

Жаңалықтар


08.04.2015 ҚазҰУ-да Ерлан Қаринмен кездесу өтті

Бүгін әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында ІІ Халықаралық Фараби форумы шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында «Политолог» студенттік дискуссиялық клуб мәжілісі өтті.


07.04.2015 ҚазҰУ-да ІІ Халықаралық Фараби оқулары өз жұмысын бастады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI Халықаралық Фараби форумы өз жұмысын бастады. Форум Әбу Насыр әлФарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жылдығына арналып отыр.


06.04.2015 «Сұңқар кубогы» өз жеңімпазын анықтады

ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен КВН ойындары чемпионатының финалы өтті. Жоғары деңгейде өткен сайыс, кіл мықтыларды анықтады. Шараның мақсаты тек әзілді алға тарту ғана емес, сонымен қатар жастардың өміріндегі басты шындықтарды, студенттік өмірдің шындығын әзілмен әдемі жеткізу еді. Финалдық ойынның тақырыбы «Smart-ізгілік қалашығы» болды.


06.04.2015 ҚазҰУ ғалымдары АҚШ-тың патенттеріне ие болды

Алғаш рет ҚазҰУ ғалымдары бериллийді алу технологиясы бойынша АҚШ-тың екі патентіне ие болды.


03.04.2015 «Наурыз – думан, наурыз - той» атты мерекесі өтті

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Химия және химиялық технология факультетінің «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасы мен факультеттің «Өзін-өзі басқару» студенттік ұйымдарымен біріккен «Наурыз – думан, наурыз - той» атты үш күнге жоспарланған іс-шара өтті.


02.04.2015 Оқытушылар кәсіптік бағдар сипаттағы онлайн-конференция өткізді

2015 жылдың 27 наурызында Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Орал қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен, 1 сәуірде Қызылорда облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушыларымен кәсіптік бағдар сипаттағы онлайн-конференция өткізді.


01.04.2015 G-Global «Ай тұлғасы» - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

«G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» – осындай атаумен G-Global «Ай тұлғасы», Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының бірінші вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы аясында G-Global жобасын іске асыруға бағытталған шаралар бастау алады, сонымен қатар, ҚазҰУ жанынан ашылған ЮНЕСКО UNITWIN тұрақты даму бағдарламасы бойынша Орта Азиялық хабының тұсаукесері өтеді.


01.04.2015 ҚазҰУ кітапханасының ғалымдар клубында философиядан олимпиада өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының ғалымдар клубында шығармашылық және достық қарым-қатынасында философиядан республикалық олимпиада өтті. Барлық командалар өте қызықты, креативті, жаңашыл және өзекті бағдарламалар дайындады.


31.03.2015 «Студенттік көктем 2015» байқауы актерлік шеберлік бағыты бойынша өз маусымын аяқтады

«Студенттік көктем 2015» байқауы актерлік шеберлік бағыты бойынша өз маусымын аяқтады. Биылғы шараның жылдағыдан ерекшелігі - қатысушы актерларымыздың бар қарым-қабілетін «Қазақ хандығының 550» жылдығына арнауы.


30.03.2015 «Экология» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

2015 жылы 27-28 наурызында география және табиғатты пайдалану факультетінде «Экология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.