Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.03.2015 «Al-Farabi university smart city» жобасының таныстыру рәсімі өтті

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттарының қатысуымен «Al-Farabi university smart city» жобасының таныстыру рәсімін өткізді.


16.03.2015 Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Жапон мәдениеті» көрмесіне қатысты

География және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жапон мәдениеті» көрмесін ҚР Ұлттық мұражайында тамашалады.


16.03.2015 География және табиғатты пайдалану факультеті «Көктемдік тау ляззаты» атты іс-шарасын ұйымдастырды

География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының «PeopleSay» клубы «Салауатты – өмір» жобасы аясында «Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайында «Көктемдік тау ляззаты» атты іс-шарасын ұйымдастырды.


16.03.2015 Халықаралық қатынастар факультетінде жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті

17-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті. Сайыс Жапон тілі оқытушыларының қазақстандық қауымдастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың ұйымдастыруымен, ҚР-ғы Жапония Елшілігі, ҚР-ғы жапондықтар қауымдастығы, ҚР-ғы жапондық бизнесмендердің қауымдастығының қолдауымен өтті.


14.03.2015 ҚазҰУ-да Израиль делегациясы қонақта болды

Кездесу барысында университет басшылығы Израильден келген қонақтармен ғылыми-білім берудегі әріптестіктің дамуына қатысты мәселелер қаралды.


14.03.2015 ҚазҰУ Далянь университетімен (ҚХР) келісім-шартқа қол қойды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Далянь университет делегация келді. Күн тәртібі бойынша, университет басшылығы мен Қытайдан келген қонақтардың кездесуі екі университеттің мүмкіндіктері мен болашаққа жоспарлары жайында әріптестік орнату туралы болды.


13.03.2015 Елші сағаты өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаёси Камохараның «Елші сағаты» өтті.


12.03.2015 ҚазҰУ профессоры Герман Ким KBS сыйлығымен марапатталды

2015 жылдың 5 наурызы, Сеул қаласындағы KBS телерадиокомпаниясының бас кеңсесінде шет елдерде тұратын көрнекті бес корейлік азаматты KBS сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті. Олардың ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық корейтану орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Герман Ким де болды.


10.03.2015 Шығыстану факультетінде халықаралық форум өтті

6 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы аталмыш кафедраның жапонтану бөлімінің студенттері мен Жапонияның Цукуба университеті студенттерінің арасында «Сен тілді қалай үйреніп жүрсің?» атты халықаралық студенттік форум өткізді.


08.03.2015 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов

Құрметті ҚазҰУ арулары мен аяулы аналар! Сізді шын жүректен көктемнің ажарлы да әсем мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!