Жаңалықтар

Жаңалықтар


20.03.2015 Ғалымдардан алар тағылым мол

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен өткен белгілі ғалым-публицист, жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралымен кездесу болды.


20.03.2015 «Президент сайлауы жаһандық сын-қатерлерге берілген тиімді жауап ретінде» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Осыған орай, ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің мәжіліс залында «Президент сайлауы жаһандық сын-қатерлерге берілген тиімді жауап ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға университет басшылығы, саясаткерлер конгресінің мүшелері, әкімшілік құқық кафедрасының профессорлары мен қатысты.


20.03.2015 Студенттік баспасөз орталығы студенттер белсенділігін арттырды

18 наурыз күні Студенттік баспасөз орталығының кезекті мәжілісі өтті. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттік баспасөз орталығының мақсаты — университеттің және оның факультеттері мен өзге де құрылымдарының қызметін, онда өткізіліп жатқан түрлі шараларды ішкі және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, студенттердің белсенділігін арттыру арқылы келешекте олардың да білікті маман болып кемелденуін қамтамасыз ету болып табылады.


20.03.2015 ҚазҰУ-да Корейтану апталығы өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде жыл сайын өтетін «ҚазҰУ-дағы корейтану апталығының» ашылу салтанаты, Алматыдағы Корей білім беру орталығының қолдауымен өтті.


19.03.2015 ҚазҰУ ғалымдары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конферецияға қатысты

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына – 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты.


17.03.2015 «Тәні саудың-жаны сау» атты флэш-моб өтті

ҚазҰУ-да дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары мен магистранттарының ұйымдастыруымен Гиннестің рекордтар кітабына жазылған қазақтың дәстүрлі «Қара жорға» биіне арналған «Тәні саудың-жаны сау» атты жоба аясындаауқымды флэш-моб өтті.


17.03.2015 ҚазҰУ-дың болашақта дамуы талқыланды

ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің төрағалығымен университеттің Бақылау кеңесі өтті.


17.03.2015 «Студенттік көктем-2015» көркемөнерпаздар фестивалінің «Халықтар достастығы» атты би байқауының финалдық концерті өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Студенттік көктем-2015» көркемөнерпаздар байқауының би номинациясы бойынша қорытынды гала-концерті Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды.


17.03.2015 ҚазҰУ географтары «Чимбулачка» шыңына шықты

География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Салауатты – өмір» жоба аясында «Чимбулачка» тау шыңына шығу іс-шарасын ұйымдастырды.


16.03.2015 Ашық есік күні мен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы №72 мен №116 орта мектебінде және №13 мектеп-гимназиясында оқушылардың және ұстаздардың қатысуымен ашық есік күні мен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.