Жаңалықтар

Жаңалықтар


25.12.2014 Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты фотожинағының тұсаукесері өтті

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде "Сұңқар" студенттер кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен баспа ісі және дизайн кафедрасының 4 курс студенті, "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты - фотожинағының тұсаукесері өтті. Кадрға іліккен сексен сұлу университеттің ең білімді, ең ақылды әрі парасатты да ибалы қыздары және олар алғашқы фотожинаққа жарияланып отырған имидждік келбет. Бұл Досжанның фотоөнер саласындағы алғашқы еңбегі. Жас журналистің фотография саласына деген сүйіспеншілігі мен университетіне деген өзіндік үлесі сезілетін фотожинақ авторлық бояуы мен бабын көрсетеді. Сайып кел­генде бұл, университет көлемінде алғашқылардың бірі болып бакалавриат студенті шығарып отырған фотожинақ.


23.12.2014 Сағындық Сатыбалдин «Алтын адам» сыйлығын иеленді

Экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҰҒА академигі Сағындық Сатыбалдин «Жыл таңдауы – Жыл адамы» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша жылдың ғылыми қызметкері деп танылды. «2014 жылдың ғылыми қызметкері» номинациясындағы жеңісі үшін Сағындық Сатыбалдыұлы «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды.


23.12.2014 «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты монография жарыққа шықты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Берекет Бақытжанұлы Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» (Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014 -520 бет) атты монографиясы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері 2014 жылдың 25 желтоқсанында сағат 14:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетіндегі №405 мәжіліс залында өтеді.


22.12.2014 Рекреациялық география және туризм кафедрасында шетел профессорларының дәрістері өтті

География және табиғатты пайдалану факультетіндегі рекреациялық география және туризм кафедрасында «Шетел ғалымдарын шақыру» бағдарламасы аясында, келесі аталмыш профессорлардың шолу дәрістері өтті.


22.12.2014 ҚазҰУ ректоры ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл награда елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.


18.12.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS жаңа рейтингінде 14-орынға ие болды

QS Quacquarelli Symonds» беделді халықаралық агенттік Будапештте өткен конференцияда «QS University Rankings: «Дамушы Еуропа және Орталық Азия 2014/15» жаңа рейтингтің қорытындысын шығарды.


18.12.2014 ҚазҰУ-да «DAAD лекторатының» ашылу рәсімі болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ DAAD қызметімен бірлесе отырып «Неміс ғылымының ақпараттық күні» атты шара өтті. Аталған іс-шара аясында «Германиядағы ғылыми зерттеулер» халықаралық семинары мен ҚазҰУ-дағы «DAAD лекторатының» ашылу рәсімі болды.


12.12.2014 ҚазҰУ-да ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті.


12.12.2014 Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы және «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туы желбіреген күні 16-желтоқсанға арнап «Желтоқсан оқиғасы-тәуелсіздік алғышарттары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.


11.12.2014 «Экология» мамандығының магистранттары шетелде білім алуда

«Экология» мамандығының магистранттары А. Ақманова, Г. Мұқанова, А. Нұрсанқызы, Г. Темірханова 2014-2015 оқу жылының күзгі семестрінде ШЫҰ университетінің бірлескен оқу бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс педагогикалық университетінде білім алып жатыр.