Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.12.2014 Ынтымақтастық пен достыққа серпін берген іс-шара

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2010 жылдан бері Ауғанстан Үкіметі мен Қазақстан Үкімет арасындағы ынтымақтастық білім беру саласындағы келісім негізінде білім алуға келген тыңдаушыларды оқытып келеді.


04.12.2014 ҚазҰУ-да елшілік сағаты өтеді

2014 жыл 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасындағы Кореяның Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён мырзаның қатысуымен болатын елшілік сағат өтеді.


04.12.2014 Студенттер баспасөз орталығының ашылу салтанаты өтеді

2014 жылдың 5 желтоқсанында журналистика факультетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және қазақстандық Баспасөз-клубы басшыларының, Қазақстанның белгілі журналистері мен PR–мамандарының қатысуымен Студенттер баспасөз орталығының ашылу салтанаты өтеді.


03.12.2014 Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде жасыл экономиканы дамытуға арналған конференция өтті

Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде «Tұрақты дамудың жаңа парадигмасы – «Жасыл экономиканы» қамтамасыз етудегі қаржы ресурстары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті.


02.12.2014 ҚазҰУ-да А.С. Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасы бойынша интеллектуалды ойын өтті

Шығыстану факультетінің студенттері арасында арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында А.С.Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасы бойынша интеллектуалды ойын болып өтті. Аталмыш ойын биыл А.С.Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасына 190 жыл толуына орай ұйымдастырылды.


02.12.2014 ҚазҰУ-да студенттік көрме-экспозициялар ұйымдастырылды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Күнделікті өмірдегі діннің көрінісі», «Толеранттылықты қалыптастырудағы өнердің орны» атты студенттік көрме-экспозициялар ұйымдастырылды. Көрме-экспозициялар Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік Толеранттылық күніне орайластырылған.


28.11.2014 ҚазҰУ-да тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты ІІ республикалық патриоттық фестивалі өтті

ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Жас Отан» жастар қанаты мен Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Жандану» экологиялық жобасы ұйымдастыруларымен тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты ІІ республикалық патриоттық фестивалі өтті. Оған республикамыздың түпкір-түпкірінен дарынды және талантты жастар –инновациялық жобалар мен шығармашылық туындылар авторлары жиналады. Фестивалдің негізгі өзегі-отансүйгіштікке инновациялар мен шығармашылық әсерлер арқылы баулу.


27.11.2014 ҚазҰУ профессорлары кітабының тұсаукесері ҚХР-ның Шанхай қаласында өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасында жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсімі ҚХР ең үлкен университеттерінің бірі Фудан университетінде өтті.


25.11.2014 ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін!» студенттік жастар фестивалінің гала-форумы өтеді

Қазақстан 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы күнін атап өтеді. Осы айтулы оқиғаға арналған аса ауқымды «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриоттық фестивалі аясында биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ екінші жыл қатарынан республикамыздағы талантты жастардың басын қоспақ.


25.11.2014 ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов WAAS мүшесі болып сайланды
Әлемдік өнер және ғылым академиясы Қамқорлық кеңесі (WAAS) мен Номинациялық комитеттің шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов осы беделді халықаралық ұйымның мүшесі болып сайланды.