Жаңалықтар

Жаңалықтар


20.03.2014 «Инновациялық идеядан жүзеге асыруға...» атты VI Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 наурызында «Инновациялық идеядан жүзеге асыруға...» атты «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасында VI Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі.


20.03.2014 ҚазҰУ студенттерінің халықаралық магистратураны оқуға мүмкіндіктері бар

Лотарингия Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бірігіп «Subterranean Reservoirs of Energies: Hydrodynamics, Geology, Modeling» француз және қазақстандық диплом алу мүмкіндігімен халықаралық магистратура оқуына студенттерді қабылдайды. Өтінішдерді қабылдаудың соңғы күні: 2014 жылдың 31 мамыры.


19.03.2014 Семинарда оқу үрдісі талқыланды

Халықаралық қатынастар факультетінде «Университеттің академиялық саясаты контекстіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үрдісінің әдістемесі» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті.


19.03.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

"Қазақ аруы - 2014" байқауының жеңімпазы болып география және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс студенті Гүлнәз Жоланова атанды. "Қазақ аруы" байқауы биыл республикалық деңгейде төртінші рет ұйымдастырылып, елордамыз Астана қаласында алғаш рет өтті. Бұған дейін Алматыда өткізілетін.


19.03.2014 Студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру басты назарда

18 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел тілі кафедрасы «Professionals» ғылыми клубының ұйымдастыруымен «Инновация – білім жүйесінде» атты тақырыпта ғылыми дөңгелек үстел өткізді.


19.03.2014 V Қожакеев оқулары аясында ғылыми форум өтеді

10 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) студенттер мен жас ғалымдардың «Әл-Фараби әлемі» халықаралық конференциясы күндерінде «Жас тілшілер» атты V Қожакеев оқулары аясында ғылыми форум өтеді.


18.03.2014 Аударматану мәселелері қозғалды

2014 жыл 14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


18.03.2014 Аманғали Жартыбаев самбо күресінен чемпион атанды

2014 ж. 13-16 наурыз аралығында Талдықорған қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.


18.03.2014 Brain Ring атты ойыны басталды

Қазақ ұлттық университетінің Интеллектуалды клубы көктемгі шақыру жариялап, ақылды және тапқыр студенттерді адамның ойын жетілдіретін Brain Ring атты ойынына қатысып, интеллектуалды клубтың мүшесі болуға шақырады.


17.03.2014 «Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің тиімділігін арттырудағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік республикалық семинар өткізіледі

2014 жылдың 19-20 наурыз аралығында (сағ: 11.00) дене шынықтыру және спорт кафедрасы «ЖОО «Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің тиімділігін арттырудағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік республикалық семинар өткізіледі.