Жаңалықтар

Жаңалықтар


28.03.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың технопаркінде «IT-Resolutions» атты start-up компаниясы өз жұмысын бастады

Бұл компания ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында келесідей қызметтер ұсынады: компьютерлерге, ноутбуктерге және техникалық it құрылымдағы барлық элементтерге (периферияларға, смартфондарға, планшеттерге, Smart TV және т.с.с.) қызмет көрсету, компьютерлік желілермен туындайтын мәселелерді шешу. Оқытушылардың тапсырыстары бойынша электрондық оқулықтар, видеолекциялар, тамаша презентациялар, компанияларға логотиптер жасауға көмектеседі.


28.03.2014 II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

25 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) II Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.



28.03.2014 «Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

2014 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы университеттің 80 жылдығы шеңберінде «Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.


27.03.2014 Физика-техникалық факультетінде республикалық пәндік олимпиада өтті

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде 1-3 курс студенттерінің арасында «Физика», «Астрономия» және «Ядролық физика» секциялары бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.


27.03.2014 Студенттер арасында шахматтан жарыс өтеді

31 наурыз - 3 сәуір аралығында (сағ. 17:00, спорткомплекстің шахмат клубы) шахматтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасындағы 67-шы факультетаралық жарысы өтеді.


26.03.2014 «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді

28 наурызда халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.


25.03.2014 ҚазҰУ-да Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасы аясында конференция өтуде

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe» Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өтіп жатыр.


25.03.2014 «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтеді

26 наурыз күні Философия және саясаттану факультетінде (316 ауд.) «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтеді.


21.03.2014 Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! - ҚазҰУ ректоры Ғалым МҰТАНОВ

Құрметті ҚазҰУ ұжымы, әріптестер мен студенттер!

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Күн мен түн теңеліп, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқан әз-Наурыз – халқымыздың асыға күтетін мейрамы. Бұл – күннің көзі жылынып, бар тіршілік қайта түлейтін, адамзаттың көңілін жадырататын жаймашуақ кезең, жақсылық пен ізгіліктің бастауы. Шығыс халықтарына ортақ мереке болып табылатын Наурызды халқымыз, сондықтан да Ұлыстың ұлы күні, ақ түйенің қарны жарылған күн деп айрықша дәріптейді. Хан мен қараша теңесіп, араздасқан ағайын татуласқан, бірлікті, ынтымақты ту еткен ырысты мереке халқымыздың ұлылығын аңғартып, асқақтатып тұрғаны анық.


20.03.2014 Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының “SILKROUTE – SILKRoad Universities Towards Europe” консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі

25-27 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі.