Жаңалықтар

Жаңалықтар


01.04.2013 ҚазҰУ-да ақын Исраил Сапарбаймен кездесу өтеді

2013 жылдың 3-ші сәуір күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы механика-математика фаультетінде (Қызыл зал) “Информатика” кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, драматург, композитор, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының иегері Исраил Сапарбайдың қатысуымен “Махаббатта ұланғайыр ұлы ұғым” атты кездесу кеші өтеді.


30.03.2013 «Студенттік көктем» атты дәстүрлі студенттік байқауының қорытындысы анықталды

Білім мен қоса өнерді де қатар алып жүретін ҚазҰУ білімді, өнерлі жастар мекеніне айналған. Оған көктеммен бірге келетін, көктемнің жаршысындай болған «Студенттік көктем» атты дәстүрлі студенттік байқауын айтуға болады.


29.03.2013 ҚазҰУ-да ЕО Темпус QUEECA жобасы аясындағы I-ші Форумы өтеді

2013 жылдың 3 cәуір күні сағат 10:00-де ҚазҰУ-да (ректорат, 15 қабат) «Орта Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» ЕО Темпус QUEECA жобасы аясындағы I-ші Форумының ашылуы өтеді.


29.03.2013 Экология мәселелері ҒЗИ-да су ресурстарын тиімді қолдану және қорғау білімдерін насихаттауға арналған дөңгелек стол өтті

Экология мәселелері ҒЗИ-да су ресурстарын тиімді қолдану және қорғау білімдерін насихаттауға арналған дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, БАҚ, экологиялық қоғам және ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрлігі өкілдері қатысты.


29.03.2013 ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы акцияға қатысуға шақырады

Құрметті әріптестер, қымбатты достар және барлық ықылас білдірушілер!

«Әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созылады.


28.03.2013 ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің Start up компаниясы «YouthTravel» көктемгі экскурсияға шақырады

Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын көктемгі экскурсияларға шақырады. 31 наурыз – Шарын шатқалына экскурсия, 7 сәуір – Тамғалы (тасқа жазылған жазулар), Шарын шатқалы, Үлкен Алматы көлі, 14 сәуір – Әнші құмға экскурсия, Есік көлі, 21 сәуір – Түркістан қаласына тур.


28.03.2013 «Қазақстан –Азия барысы» мәдени-танымдық саяхат сабағы өтті

Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі мәдениетімен таныстыру мақсатында ауғанстандық тыңдаушыларды Орталық мұражайға барды. Мұражайда «Алтын адам» ескерткіші және тағы да басқа ұлттық тарихи құндылықтарымызбен терең танысты. Мұражай қызметкері көне жәдігердің еліміздің тарихында алатын орнына және оның ерекшелігі мен маңызына кеңінен тоқталып өтті. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдары мен қазіргі замандағы батырлары мен еңбек ерлерінің өмірінен және қайраткерлік жолынан мағлұмат алды.


28.03.2013 ҚазҰУ-да «Студенттік көктем-2013» байқауының гала-концерті өтеді

ҚазҰУ-дің Студенттер сарайында 2013 жылдың 29 наурыз күні сағат 17:00-де жыл сайын өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2013» көркемөнерпаздар байқауының марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтеді.


28.03.2013 ҚазҰУ-да «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өз жұмысын бастады

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өтті.


27.03.2013 Тәрбие жұмысын жақсартуға арналған семинар өтті

2013 жылғы 20 наурызда Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы тәрбие жұмысы бойынша орталықтардың қызметін дамыту мен жетілдіру мәселелері» атты тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет орталықтарының басшыларына арналған семинар өтті.