Жаңалықтар

Жаңалықтар


09.04.2013 ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында университет ұжымымен кездесті

Кеше қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ-дың мәртебелі түлектерінің бірі, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылау мақсатында университет ұжымымен кездесті.


08.04.2013 ҚазҰУ-да Қайрат Закирьянов дәріс оқиды

9 сәуір сағат 16:00-де тарих, археология және этнология факультетінің мәжіліс залында (405 дәрісхана) Туризм және спорт академиясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РФ ғылым мен өнер Петров академиясының және Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының толық мүшесі, «Тюркская сага Чингисхана. Сокровенное сказание казахов», «Под знаком волка» кітаптарының авторы – Қайрат Қайруллинұлы Закирьяновтың дәрісі өтеді.


08.04.2013 Әуезхан Қодар және Айман Қодар отбасылық дуэтімен шығармашылық кездесу өтеді

11 сәуір сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Әуезхан Қодар және Айман Қодар отбасылық дуэтімен шығармашылық кездесу өтеді.


08.04.2013 ҚазҰУ-да су ресурстарының мәселесі талқыланады

11-12 сәуір сағат 10:00-де ҚазҰУ технопаркінің мәжіліс залында энергоэкология кафедрасы және Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығымен бірлескен Еуроодақтың Темпус IV I-WEB «Integrating Water cycle Management: Capability, Capacity and Impact in Education and Business» жобасының халықаралық семинар-мәжілісі өтеді.


06.04.2013 "Туризм" мамандығы бойынша олимпиада өтеді

13-14 сәуір аралығында география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 залында және ҚазҰУ кампусының аумағында ІІ аймақтық ЖОО аралық «Туризм» мамандығы бойынша студенттер олимпиадасы өтеді.


05.04.2013 «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында «Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – білімді жастар» атты дөңгелек үстел өтті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттарының эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Мәдениеттану» мамандығы 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында «Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – білімді жастар» атты іс-шара өтті.


05.04.2013 Түлектер «Ашық есік күніне» қатысты

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.


05.04.2013 ЖОО арасында аэробикадан ашық фестиваль спорттық мерекесі өткізіледі

6 сәуір сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорткешенінің №2 залында Наурыз мейрамына арналып Алматы қаласының ЖОО арасында аэробикадан ашық фестиваль өткізіледі.


04.04.2013 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Иран Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалилимен кездесу өтті

Кездесуге университет оқытушы-профессорлық құрамы, шығыстану, философия және саясаттану факультеттерінің магистранттары мен студенттері қатысты. Бұл сапар оның Қазақстандағы жоғары оқу орнына тұңғыш келуі. С. Джалели ҚазҰУ-ға ағымдағы жылдың 5-6 сәуір аралығында Алматыда өтетін «Алтылық» ирандық ядролық бағдарламасы аясындағы сапары барысында қонақта болып отыр. Келіссөздің басты тақырыбы Иранның ядролық бағдарламысын реттеу болмақ.


04.04.2013 ҚазҰУ-да "Екі жұлдыз" байқауы өтеді

10 сәуір күні сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Қызыл залында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет мамандықтарының арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтеді.