Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.04.2013 ҚазҰУ саясаттанушысы Нығмет Жотабаевтың «Последняя осень Союзного парламента» атты кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының көрме залында Қазақтсан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының доценті Н.Р. Жотабаевтың «Последняя осень Союзного парламента» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Кеңес Одағының күйреуіне әкелген тарихи кезеңдер КСРО-ның соңғы Жоғары Кеңесі қызметінің ауыр күндері баяндалады.


03.04.2013 Кәсіпкерлікте жетістікке жету жолдары

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде «Тәуелсіздік таңындағы жаңа тұлғалар» жобасы аясында Халықаралық сыйлықпен Ресейдің ең үздік кәсіпкері ретінде марапатталған отандасымыз Серікбай Бисекеевпен кездесу өтті.


03.04.2013 Құрметті ҚазҰУ студенттері!

AIESEC Алматы ұйымы сізді жаздық Халықаралық қоғамдық машықтанудан (стажировкадан) өтуге қатысуға шақырады!



03.04.2013 Шымбұлақтағы сенбілік

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының студенттері мен куратор-эдвайзерлердің жыл сайын Шымбұлақтағы тазалау жұмыстарына қатысуы жақсы дәстүрге айналды.


02.04.2013 «Ризома» тобы бірінші орында

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандықтар арасында республикалық деңгейде олимпиада өтті.


02.04.2013 Құрметті ҚазҰУ студенттері мен әріптестер!

7 сәуір күні Алматыда «Leadership Development Day» көшбасшылық конференциясы өтеді. Конференция – корпоративтік сектор мен озық жастардың тәжірибе алмасу, көшбасшылық және жоба басқару, уақыт басқару, кәсіпкерлік, жоспарлау, презентация жүргізу және басқа да көптеген өзіндік өсу дағдылар туралы тренингтер алаңы болмақ.


02.04.2013 Хабарландыру!

Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы университеттің оқытушы-порофессорлар құрамына арналған «Қоғамдағы жалпы еңбек» әлеуметтік бағдарламасы аясында ҚР Еңбек заңнамасы» атты семинар-тренинг өткізеді.


02.04.2013 "Құқық және қауіпсіздік" клубының бірінші отырысы өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде магистранттар мен Ph.D. докторанттарға арналған «Құқық және қауіпсіздік» дискуссиялық клубы ашылды.


01.04.2013 ҚазҰУ-да кәсіпкер С.Бисекеевпен кездесу өтеді

2013 жылдың 3 сәуір күні сағ. 14:00-де механика-математика факультетінде (Рубин залы) «Тәуелсіздік таңындағы жаңа тұлғалар» жобасы аясында кезекті кездесу өтеді.


01.04.2013 ҚазҰУ-да экология мәселелері бойынша Ұлыбританиямен он-лайн семинар өткізілді

ҚазҰУ-дың география факультеті және экология мәселелері ҒЗИ халықаралық British Council ұйымымен біріге отырып «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ноттингем университеті арасындағы климаттың өзгеру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жақсартудағы INSPIRE жобасының рөлі» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді.