Кәсіби даму және мансап кеңсесі
Жаңалықтар, хабарландыру

Жаңалықтар, хабарландыру


17.04.2012 Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В тіркелу ашық!

Құрметті 4-курс студенттері!

26 сәуірде, сағ.11.00 филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде, 314 оқу залында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В (ҚПО) өкілдерімен кездесу болады. Кездесу бағдарламасында: ҚПО презентациясы және ҚазҰУ студенттерін аударма ісі және халықаралық құқық мамандығы бойынша бос жұмыс орындарына- тестілеу өтеді.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Мамандығы: аударма ісі, халықаралық құқық

Ағылшын, орыс және қазақ тілін жетік білу

Кездесуге келетін қалаушылар мына телефон арқылы тіркеле алады: 3773373

Мансап және бизнес орталығы


13.04.2012 Бірегей тренинг «Тиімді кадрді қалай іріктеу технологиясы»!

Сізде мамандықты ауыстыру ынтасы туса?

Кадрды бағалаудағы амалдарды үйренгіңіз келсе?

Адмадардың психологиясын білгіңіз келсе ?

Кадрды іріктеу шеңбері қызықтыратын болса?

HR шеңберінде мансапты қалыптастыру қызықтырса?

Жаттықтырушылар мен авторлар- «Elite рекрутингтік компаниясының». жетекші мамандары. Бұл Қазақстандық кадрлық қызмет көрсететін компаниялардың бірі!

Тренингтің қорытындысымен ең жақсылар «Elite рекрутингтік компаниясында» стажировка өтеді немесе Elite мамандарынан кеңес алады.

Бағдарлама жөнінде:

Мерзімі: 1 ай әр сейсенбә, бейсенбі және жұма

Оқу түрі: Дәрістер, бизнес кейстер, нарықтың көшбасшы компанияларына кадрды іріктеу проектілерімен жұмыс жасау!

Стажировканың нәтижесі: Elite рекрутингтік компанияснда стажировка

Байқаулық іріктеуге мына телефондар арқылы жазылуға болады:

8 (727) 2952802/07/11, 8 (727) 2666389/91, немесе мына e-mail: student@elite.kz

Мансап және бизнес орталығы


09.04.2012 ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі «ХХІ ғасырдың мансабын құр»

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD студенттері!

27 сәуірде 2012ж. сағ. 10:00 ден 15:00 дейін Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді! Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос орындары мен стендтік сессия жұмыс жасайды. Компаниялар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып өз түйіндемелеріңізді қалдыра аласыздар.

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орын жәрмеңке қатысушылары ішінде GSM Казахстан, «Казатомпром» АҚ, «Самрұқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., KPMG, Хоум Кредит Банк, АТФ банк, Темірбанк, Банк, ЦентрКредит, АҚ «Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы», Кока-Кола Алматы Боттлерс, Астана Моторс, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.

Бос жұмыс орындар жәрмеңке бағдарламасында: компания презентациялары, магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары, шет мемлекеттерде оқу бағдарламалары, мастер-класс «Профессионалдық ортада мансапты табысты құру», тренинг «Әңгімелесуді жақсы өту технологиясы», студенттердің қолдан жасаған жұмыстар аукционы, ағылшын тілінде оқу құралдары мен материалдарының көрмесі, студенттік бизнес-инкубатор «Сувенирная лавка» имидж заттарының презентациясы, лотерей билеттердің ұтыс-ойыны (Қазақстанның ең ірі компанияларында ақысыз тәжірибе өту, түлектер виньеткасы, сонымен қатар басқада сыйлықтар).

Қатысушыларды тіркеу 10.00-де басталады.

Жұмыс таңдауда өз мүмкідігіңді жіберіп алма! ХХІ ғасырдың мансабын құр!

Мансап және бизнес орталығы


05.04.2012 АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы жаздық практикаға ашық тіркеуді бастайды

Құрметті 3-4 курс студенттері!

АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы келесі мамандықтар бойынша студенттерді жаздық практикаға жинайды: есептеуіш техникасы және ақпаратттық қамту, математика, информатика, физика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, радиотехника, электроника және телекоммникация, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, ақпараттық технологиялар менеджменті, инновацилық менеджмент, басқару жүйесі, журналистика, PR.

Құжаттарды 1 мамыр 2012ж.дейін тапсыру қажет. Практика өту үшін келесі құжаттар тізімін тапсыру керек: түйіндеме, транскрипт, жеке куәлік және рнн көшірмелері.

Үміткерлерді таңдаудағы белгілері:

  • · 3-4 курс студенттері;
  • · Мамандық бойынша теориялық бiлiмдерiнiң бар болуы (сынақ кiтапшасы бойынша орташа бал 4тен төмен емес, 5) жақсы академиялық үлгерiм;
  • · Жоғарғы үлгерім;
  • · Оқу орнының ғылыми, жаттығу және қоғамдық қызметтеріне қатысуы.

Практика құжаттарын Мансап және бизнес орталығына тапсырыңыз, ректораттың сол жақ қанаты, тел. 377-33-73.

Мансап және бизнес орталығы


03.04.2012 «Future Twenty Five-2012» атты Еуразиялық Банктің инновациялық бағдарламасы

АҚ Еуразиялық банкі мансап және бизнес орталығымен бірге 2012ж. магистратура және бакалавриат түлектерін «Future Twenty Five» бағдарламасына 2 бос орын конкурсына шақырады, бұл бағдарлама банк секторының менеджерлеріне 5ж.бағытталған. Бағдарламаға қатысу барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша тәжірибе алады:

· казналық/ активтерді басқару;
· риск;
· қаржылық бақылау;
· корпоративті бизнес/кіші және орта бизнес/жеке бизнес;
· операциондық бизнес/міселелік қарыздармен жұмыс/бизнес – технологилар.

Түйіндемелеріңізді мына мамандықтар бойынша: банктік жұмыс, математика, инжиниринг, бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика, маркетинг (жоғарғы үлгерім деңгейі ( 5 балдық жүйе бағалауында: орта бал 4,5-5; рейтингтік жүйе бағалауында 80%-100% балдардың жалпы санынан) мына адреске internship@eubank.kz «Future 25» хат тақырыбында жіберіңіздер.


02.04.2012 Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. жазғы практикаға тіркелу басталды.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. жазғы практикаға тіркелу басталды.

Құрметті студенттер!

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. студенттерді жазғы практикаға келесі мамандықтар бойынша шақырады: ақпараттық жүйелеу, телекоммникация, экономика, есеп және аудит, халықаралық қатынастар, аударма ісі, органикалық және неорнганикалық заттардың химиялық технологиялары, стандарттау, метрология және сертификаттау, экология, геология.

Дэдлайн құжаттарды 2012ж. 1 мамырға дейін тапсырады. Практика өту үшін тапсыратын құжаттар тізімі: үміткердің өтініші, транскрипт, жеке куәлігінің көшірмесі, РНН көшірмесі, студенттің практика жоспары.

Толтырылған құжаттарды Мансап және бизнес орталығына тапсыруыңыздар. Ректорат.1 қабат, сол жақ қанат, тел; 377-33-73

APPLICATION FORM.doc

Мансап және бизнес орталығы


12.03.2012 The Rising Stars — Ernst & Young Business Plan Contest 2012

«Эрнст энд Янг» компаниясы Мансап және бизнес орталығымен бірге сені Ernst & Young Business Plan Contest 2012 атты қазақстандық үшінші бизнес-жоспар байқауына қатысуға шақырады.

Егерде сен өз идеяңды жүзеге асырғың келсе, алдыңа мақсат қоя білсең және қиын шешімдер іздесең, алған теориялық біліміңді тәжірибеде іске асыруға ұмтылсаң, онда Ernst & Young Business Plan Contest 2012 - өзіңді көрсетуге мүмкіндік береді!

Өз білімің мен шығармашылығыңды жүзеге асыратын бизес-жоспарда көрсет.

Ең қызықты жұмыс жіберген қатысушылар финалға шығып, «Эрнст энд Янг» кеңсесінің алматылық филиалына шақырылады. Байқау жайлы толық ақпарат мына сайтта бар: www.ey.com/kz/risingstars.

Сен қатысуға дайынсың ба? Онда келесі қадам жаса!

  1. Топ құру қажет (бір ден ұш адамға дейін)
  2. Қатысу ережелерімен танысып мына сайтта тіркел: www.ey.com/kz/risingstars
  3. Толтырылған тіркелу бетін 2012ж.30-наурызға дейін жібер contest@kz.ey.com.
  4. Дайын бизнес-жоспарды 2012ж. 30-сәуіріне дейін жібер contest@kz.ey.com..

05.03.2012 KPMG Career Day!

KPMG Career Day!

KPMG компаниясының рекрутинг тобы Мансап және бизнес орталығы мен бірге KPMG Career Day атты жаңа жоба ұсынбақшы! KPMG кеңсесіне келіп шынайы бизнес ортаға тап бол!

Тіркелу 30 наурызға дейін ашық. қатысушылар саны шектеулі.

Мүмкіндіктер:

  • · ең ірі халықаралық компаниялардыі бірінде аудитор мен консультанттың жұмысымен жақын танысу;
  • · KPMG компаниясының Менеджерлері мен Серіктертеріне жеке сұрақ қою;
  • · түлектерге мансап жасау үшін толық ақпарат алу;
  • · KPMG профессионалдарының орнында өзін көру.

Қатысу үшін талаптар:

  • · Университеттің соңғы курс студенттері;
  • · Ағылшын тілін еркін меңгеру;
  • · Бизнесте қызығушылық.

KPMG Career Day-ге қатысу үшін өз түйіндемеңізді graduate@kpmg.kz "KPMG Career Day" деген атпен жіберіңіз.

Қосымша ақпарат үшін мына тел: +7 (727) 298 08 98 немесе e-mail: graduate@kpmg.kz рекрутинг бөліміне хабарласыңыз.


28.02.2012 «Ашық кафедра» жобасының тыңдармандары KPMG Case Competition байқауына қатысты

Кейс арқылы факультетаралық кросс-тіркелу, дүниежүзілік университтердің тәжірибесін есепке ала отырып модульді бағдарламаларды енгізу - «Ашық кафедра» жобасының негізгі мақсаты болып табылады. Жоба «Болашақ» түлектерінің арқасында жұмыс берушілер кеңесінің қатысумен табысты жүзеге асуда. «Ашық кафедра» жобасының тыңдаушылары нағыз кейстердің шешімін табуға қатысуда. Жақын арада KPMG Case Competition и Eurasian Bank Future twenty five аяқталды . Басқада Қазақстандағы халықаралық және ұлттық ұйымдар «Болашақ» түлектерінен сонымен қатар KPMG және Еуразиялық Банктен үлгі алады деген үміт бар.

Мансап және бизнес орталығы


24.02.2012 «Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды жоба

ҚазҰУ-нің құрметті 3-4 курс студенттері!

Республикалық «НТК» телеарнасында ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен «Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды телевизиондық жоба басталды.

Жобаның негізгі мақсаты: дарынды жастарды тауып оларға қолдау көрсету, олардың өзін өзі қалыптастыруын жүзеге асыру, студенттің қабілетіне қарай профессионалдылығын анықтау, оларды қаржы және экономика саласында жақсы профессионалды білім және тәрбие алу жолдары арқылы марапаттау.