- Негізгі бет
- Ғылым және инновациялар
Ғылым және инновациялар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, департамент университетте өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды үйлестіреді, сонымен қатар жоғары білікті кадр мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Департамент университеттің барлық ғылыми-зерттеу құрылымдарын, факультеттерін, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопарк және т.б. біріктіретін бірегей ғылыми құрылым болып табылады.
Департамент өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын және нормативтік актілерін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жарғысын басшылыққа алады.
Департамент университеттің даму стратегиясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің және Ғылыми-техникалық кеңесінің шешімдері негізінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметін анықтайды.
Департамент қызметінің басты мақсаты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалануға, ғылыми-зерттеу жұмысының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін және білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал ету, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры