- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Республикасына ресми сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер және әр кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі бір лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі уәкілі Люк Леви бастаған делегация келді. Сапар аясында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және Сорбонна-Қазақстан институтының ҚазҰУ-ға көшу мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін трансизомерлері азайтылған май өнімдерін алудың инновациялық технологиясын әзірледі. Жаңа технологияны «Масло-Дел», «Эфко-Алматы», «Қарағанды маргарин зауыты» секілді т.б. отандық қатты май өнімдерін өндірушілер қолданады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында білім беру үрдісін жаңғырту шаралары, сондай-ақ университеттің ұжымдық шартының талаптарын іске асыру барысы талқыланды.

Әлемдегі күрделі экологиялық жағдай бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда Жер шарындағы халық саны – 7,5 миллиард. Осы адам баласының шаруашылықтағы кез келген әрекетінің нәтижесінде шыққан әртүрлі қалдықтар биосфераны ластап отыр. Бұл тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіріп, флора мен фауна түрлерінің азаюына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ЯмадаДжуна ресми сапармен келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбында Қазақстан саясаттанушыларының Х конгресі өтті.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №14 (1840) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.