Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD доктарантураның студенттері! Ағылшын тілінде «Ашық кафедра» Лекциялық курсына тәркелу ашық екенін жариялаймыз. Тіркелу 2010 жылдың 14 қыркуйегіне дейін. Жобаға Көсбасшылық және Мансап, Ақпараттық технологиялар, Бірқалыпты даму, Энергиялық қауіпсіздік, Экологиялық заң, Халықаралық заң, Экономика, Шығыстану саласында қосымша білім алуға әртүрлі факультеттің студенттері қатыса алады.
Сіздерге «Болашақ» Президенттік стипендиясыны бітірушілері мен жұмысберушілері әр сенбі, сағат 12:00 – 14:00 дейін дәріс оқиды. Дәріс ұзақтығы – бір семестр, 2011 жылдың 17 қыркүйегінен 5 желтоқсанға дейін.
Дәріс аяқталысымен әрбір тыңдаушы академиялық транскриптіне AU бағасы(дәріс тыңдалды) енгізілген сертификат алады. «Академиялық ұтқырлық» шеберінде магистратура және PhD докторантураның алғыр студенттері шетелдік әріптес-жоо-да университет қаражатына бір семестр өтуіне мүмкіндігі бар.
Тіркелу 2011 жылдың 14 қыркуйегіне дейін жүргізіледі. Тіркелу үшін career@kaznu.kz электронды поштасына өзіңіз туралы барлық ақпаратты жіберу керек.(аты-жөніңіз, факультет, курс, мобильді және үй телофоныңыз, электронды пошта) .
Дәрістің тақырыбы: Көсбасшылық, презентация дағдылары, Корпоративті басқару, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, бизнес-процестерді ықшамдау, қоршаған ортаны қорғау экономикасы, жер пайдалану құқығы, энергетикалық саясат сұрақтары, жобаларды басқару, өнеркәсіптік тәуекелділіктерді басқару, галамдану, ғаламдану және мемлекет, табиғатты пайдалану экономикасы, технология менеджменті, технологиялық бизнестің дамуы, зерттеу және өңдеу менеджменті, инновациялық жобаларды қаржыландыру, уақытты басқару, кризистік басқару негіздері, жобаларды зерттеу.
«Ашық кафедра» жобасы бойынша сұрақтарға жауапты мына жерден ала аласыз:
Алибек Умиржанов: +77011116151, alibek.umirzhanov@gmail.com, Facebook – Alibek Umirzhanov немесе
Марат Каратаев: 377-33-25, Marat.Karataev@kaznu.kz, Facebook – Marat Karatayev.
Мансап және бизнес орталығы