Кәсіби даму және мансап кеңсесі
Жаңалықтар, хабарландыру

«Ашық кафедра: Көшбасшылар Ұрпағы»

10.01.2012

Құрметті бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері және PhD докторанттар!

«Ашық кафедра: Көшбасшылар ұрпағы» жобасына тіркелу басталуын хабарлауға қуаныштымыз.

Дәріс бағыттары: Көшбасшылық, Ұйымдастыру қабілеттілік, Ықпал ету, Сендіру, Коммуникация және презентация, Келіссөз жүргізу, Шиеленістегі мінез-құлық, Өзгерістерді басқару, Жоспарлау, Менеджмент, маркетинг пен коммуникация, Макро жйне микроэкономика, Тұрақты дам, Іскерлік, Инновация, Ақпарат пен IT, Әлеуметтік жүйе.

English Discussion Club:

Клубқа қатысу тегін. Жобаның әр тыңдаушысы ағылшын тілін нығайта алады, басқа мемлекет мәдениетімен танысып жаңа халықаралық студенттерді кездестіреді.

Тыңдаушылырға қойылатын талаптар:

Жоба тыңдаушылары бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері, барлық факультеттің PhD доктаранттары бола алады ( колледж студенттерінен басқасы). Тыңдаушылар конкурстық негізде ағымдағы үлгерім мәліметімен GPA ортақ балдарымен және факультет декандарының ұсынысымен таңдалады.

Тіркелу:

Жобаға қатысқысы келген студенттер өздерінің мәліметтерін (студенттің аты-жөні, курс, фаультет, байланыс телефондарын және электрондық пошта) мына мекен-жайға career@kaznu.kz 2012ж 21-қаңтарға дейін жіберулері тиіс.

2012ж. 25 қаңтарында жоба тыңдаушыларының тізімі «Универ» атты университеттің ішкі жүйесінде жарияланады.

Мансап және бизнес орталығы