2012-2013 оқу жылы
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Филология факультеті
- архив
- Оқиғалар күнтізбесі
- 2012-2013 оқу жылы
2012-2013 оқу жылы
20.05.2013
Профессор Қансейіт Әбдезұлының 60 жылдық мерейтойы
2013 жылдың 5 маусымы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде белгіліі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғарғы Мектебі Ұлттық ғылым Академиясының академигі Қансейіт Әбдезұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
19.05.2013
Халықаралық ғылыми-әдістемелік симпозиум өтеді
2013 жылдың7 маусымы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасы “Қазақ жазуының латын графикасына көшуі – заман талабы” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік симпозиум өткізеді.
25.04.2013
«V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 2013 жылы 25 сәуірде «V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті.
23.04.2013
«Біргілігім жарасқан!» атты өнер фестивалі өтті
2013 жылдың 23 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде "Айналаңды нұрландыр" жобасының негізінде жасалған "Бірлігіміз жарасқан" атты өнер фестивалі өтті.
14.04.2013
Гранад университетінің профессоры Гусман-Тирадо Рафаэль (Испания) ҚазҰУ-да дәріс оқиды
2013 жылғы 20 сәуір - 4 мамыр аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (312 аудитория) Гранад университетінің (Испания) профессоры Гусман-Тирадо Рафаэль «Қолданбалы және теориялық лингвистика мәселелерінің өзектілігі» тақырыбы бойынша магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға дәріс оқиды
24.03.2013
Құрметті оқытушылар, PhD-докторанттар, магистранттар, студенттер!
2013 жылғы 25 наурыз – 16 мамыр аралығында сағат 9.25-тен – 13.20-ға дейін филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (323 ауд.) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры (Ресей) Сергей Акимович Кибальник «Интертекстуалдық компаративистика және әдеби мәтінге түсінік беру» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.
26.02.2013
«Қазақтың қара өлеңі – құдіретім»
26 ақпанда, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, М.Әуезов атындағы 312-дәрісханада мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары, ф.ғ.к, доцент С.МИманқұлова., Ж.А.Абдрахманова, Н.Ж.Егізбаеваның ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңінің құдіреті Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби‑жыр кеші болып өтті. Аталған жыр кеші «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаның аясында ұйымдастырылды.
25.02.2013
ҚазҰУ-дың филология факультетінде Қ. Күдеринованың «Қазақ жазуының тарихы: латын қаріпіне қайта оралу» атты шеберлік сыныбы өтеді
26 ақпанда сағат 15:00-де (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ғимараты, 315-аудитория) ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің доценті, филология ғылымдарының докторы Қ.Б.Күдеринованың «Қазақ жазуының тарихы: латын қаріпіне қайта оралу» атты шеберлік сағатын өткізеді.
15.02.2013
Атамекеннің ыстық ықыласы
2013 жылдың ақпан айында мемлекеттік тіл кафедрасына Қытай халық республикасының Іле педагогикалық университетінен үш оқытушы тағылымдамадан өтуге келді. Мәтқабыл Мұқаметкерім, Бәтима Бидоллақызы, Ясын Жұпбаиев мемлекеттік тіл кафедрасында қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту әдістемесімен, бағдарламалармен, оқулық, оқу құралдарымен танысып, тәжірибе алмасты.