Гуманитарлық
2012-2013 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы


12.02.2013 «Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет» атты ғылыми- теориялық конференция өтеді

2013 жылдың 21ақпанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мен Қазақстан Республикасы кітап мұражайының ұйымдастыруымен «Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет» тақырыбында өтетін ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады


11.02.2013 «V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2013 жылы 26 сәуірде «V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтеді. Конференция тақырыбы «Литература и язык в поликультурном пространстве Казахстана».


06.12.2012 “Ұлт рухы - ұлылармен мықты!”

2012 жылдың 06 желтоқсан күні география факультетінің І оқу залында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында және ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында “Ұлт рухы - ұлылармен мықты!” атты география, табиғатты пайдалану факультеті студенттерінің қатысуымен факультет көлемінде байқау өткізілді.


30.11.2012 Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы

2012 ж. 30 қарашасында мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.


02.11.2012 «Тіл-сөйлеу-филологиялық зерттеулердегі сөз» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2012 жылдың 2 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасыұйымдастырған Р.С.Зуеваның 80 жылдығына арналған «ТІЛ-СӨЙЛЕУ-ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ СӨЗ» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


18.10.2012 «Кәсіби қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

2012 жылдың 18 қазанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.


12.10.2012 Ұлағатты ұстаз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті ұйымдастыруымен, көрнекті ғалым, ҚР Жоғары мектебі ҒА құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкішұлының 85 жылдығына арналған «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


25.09.2012 Шешендер шықты сайысқа

Дәстүрлі тілдер мерекесі аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының куратор-эдвайзерлері ұйымдастырған «Шешендік өнер – тіл байлығы» атты жас шешендер арасында сайыс өтті.


24.09.2012 Тіл – елдігіміздің іргетасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай дәстүрлі «Тілдер» фестивалі өтті. Осы фестивальдің аясында әр факультетте түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сондай мерекелік іс-шараның бірі Мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл – елдігіміздің іргетасы» атты әдеби - сазды кеш болды.


26.04.2012 «100 кітап» апталығы аясында кеш өтті

26.04.2012 жылы мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 312 аудиториясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен ұсынылған және оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жобаны іске асыру мақсатындағы «100 кітап» апталығы аясында студенттерге «Заманай» фильмін көрсетіп, талдау шарасы өткізілді.