Гуманитарлық
2012-2013 оқу жылы

Профессор Мархабат Томанұлы Томановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

03.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасы 2012 жылдың 20 ақпанында сағат 10.00 № 312 аудиторияда Мархабат Томанұлы Томановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:

1.Мемлекеттік тіл қолданысы және оның әлеуметтік мәртебесі;

2.Лингвистика дамуындағы қазіргі кезеңдегі басымдықтар;

3.Тіларалық қарым-қатынас: түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеулері;

4.Әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы;

5.Тарихи грамматика және қазіргі түркі тілдері;

6.Қыпшақтану: кеше, бүгін және болашақта;

7.Мәтіннің тілдік аспектісі және мәдениет деңгейі;

8.Тілдік қатысым этикеті және гендерлік аспект;

9.Студенттердің тілдік дайындығындағы инновациялар;

10.Көркем аударма және әдебиеттану поэтикасының мәселелері.