Гуманитарлық
2012-2013 оқу жылы

«Армысың, әз-Наурыз» кафедра күні

16.03.2012

16 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер үйінде мемлекеттік тіл кафедрасының Наурыз мейрамына орайластырылған «Армысың, әз-Наурыз» атты кафедра күні өтті. Кеште кафедра оқытушылары, Н.Егізбаева, А.Нұртазиналардың ұйымдастыруымен факультеттің I-курс орыс бөлімінің студенттері мен мемлекеттік тіл кафедрасында құрылған «Сөз маржаны» студенттер клубының мүшелері өнер көрсетті.

Өнерлі топ күмбірлеген күймен басталған кеште қазақ ақындарының өлеңдері мен поэмаларын жатқа айтудан, ән айтып, би билеуден алдарына жан салмады. Кештің екінші бөлімінде қазақтың салт-дәстүрлері: «Қыз ұзату» мен «Беташарды» сахналауда студенттердің актерлық шеберліктеріне тәнті болған көрермен қауымның шапалақтары толастамады.

Жақсы өнер көрсеткен және Наурызға байланысты қойылған викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер: Т.Қанабекова, Н.Малшыбаева, Ә.Қияс, Х.Насурллаев, М.Турсынбекова, М.Хамидоллаева, Г.Есебаева, А.Мамыт, Ұ.Әшім, С.Саяхмет, А.Сәкен, М.Даркембаева,Г.Аубекероваларға кафедра тарапынан мерекелік сыйлықтар тапсырылды.