Гуманитарлық
2012-2013 оқу жылы

Профессор Қансейіт Әбдезұлының 60 жылдық мерейтойы

20.05.2013

Конференцияда ғалымның шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарына қатысты қазақ әдебиеті мен руханиятының өзекті мәселелер, оны жоғары мектепте оқытудың әдістемелік мәселелері қаралады.

Конференцияға алыс-жақын шетелдерден әдебиеттанушы ғалымдар, белгілі жазушылар, жоғары мектептің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады.

Конференция жұмысы мынадай бағыттар бойынша өтеді:

  1. Қ. Әбдезұлының зерттеулеріндегі қазақ руханиятының үлгілері
  2. Әдебиет, өнер және Қ.Әбдезұлы шығармашылығы.
  3. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері.

Конференция 2013 жылдың 5 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоратының мәжіліс залында (15 қабат) сағат 10.00-де басталады.

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Тел. 3773339 / 13-21

e-mail: esimjulduz.84@mail.ru