Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
2023 жылдың 29 қазанында БАӘ Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Шарджа әміршісі, Шарджа қаласындағы Араб тілі академиясының Жоғарғы президенті, мәртебелі шейх доктор Сұлтан бен Мухаммад әл-Қасими бірінші халықаралық «Еуропадағы және басқа елдердегі арабтану: шындық пен перспектива» конференциясының ашылуы мен секциялық жұмысын ресми түрде жариялады.

Жапонияда 6 ай болдым және осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Жапонияға бірінші болып барған адам үшін бұл таңғажайып, әрі пайдалы тәжірибе болды.

Еренғайып Омаровтың (ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының вице-президенті) 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан ғылымының өркениет өрісіндегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан Ұлттық кітапханасында өтті.

1923 жылғы 29 қазан күні Түркия Республикасының құрылғаны әлемге қуанышпен паш етілді. Түркия Республикасы 100 жыл бұрын Мұстафа Кемал Ататүрік және қарулас жолдастары тарапынан құрылды.
31 қазанда шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының профессор м.а. Фатимабибі Ноғайқызы Дәулеттің ұйымдастыруымен «Қазіргі тілтанудағы негізгі трендтер мен принциптер» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

28 қараша күні дайындық факультетінде ҰБТ ға дайындалып жатқан оқушылармен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 10:00 де сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» КЕФҚ Ақпараттық талдау департаментінің басқарушы директоры Жалиев Нұрхан Бұхарбайұлымен кездесу өтті.

2023 жылдың 27 қазаны – Тарихи маңызы бар мерекеде Түрксой бөлімінің 1-4 курс студенттері Түркия Республикасының 100 жылдығын атап өтуге жиналды. Іс-шара Түркияның тәуелсіздігі үшін күресте шешуші рөл атқарған ержүрек батырларға, әсіресе Мұстафа Кемал АТАТҮРК-ке тағзым ету және 1-курсқа жаңадан келген студенттерді Түркияның бай тарихы мен мәдениетімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Түрксой кафедрасының 1 курс студенттері атақты «Ромео мен Джульетта» спектаклін тамашалау мақсатында Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма театрында болды.
26-қазанда шығыстану факультетінде "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында Иран Сыртқы істер министрлігінің аға сарапшысы, Фарабиді зерттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобының ирандық жетекшісі Сейед Әли Муджани Қумимен кездесу өтті.