Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


24.09.2014 ҚХР құрылғанына 65 жыл және Конфуций институтының ашылғанына 10 жыл мерейтойына арналған салтанатты кеш
16.05.2014 Алматы қаласындағы ҚХР Банкісімен бірлесіп өткізген тренинг

2014 жылдың 16 мамырында сағат 15.00-де 423 дәрісханада қытайтану кафедрасының оқытушылары мен Алматы қаласындағы ҚХР Банкісінің қызметкерлері бірлесіп «Сәтті жұмысқа тұрудың алғышарттары мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта тренинг –семинар өтті.


16.05.2014 «Шығыс мұражайының» тұсаукесер салтанаты болып өтті.

2014 жылдың 16 мамырында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің серпінді жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында Шығыс Мұражайының ашылу салтанаты өтті.


06.05.2014 Зейнеп Ахметовамен кездесу

Шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ салт-дәстүрі мен идеологиясының жанашыры Зейнеп Ахметованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.


30.04.2014 Шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Ө.Күмісбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Профессор Ө. Күмісбаевтың шығармашылығы және Шығыстану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
29.04.2014 Кезекті жас ғалымдар отырысы

29.04.2014 ж. қытайтану кафедрасында кафедраның жас ғалымдарының кезекті отырысы болып өтті. Жас ғалымдардың кезекті семинары «Билеуші Коммунистік партияның Қытайды модернизациялаудағы рөлі» атты тақырыпта болды. Семинарда кафедраның 3 курс PhD доктранты Дәуен Д. сөз сөйледі.


29.04.2014 Египеттің Каир университетінен шақырылған профессоры Абдурахман Саад Хасан Мухаммад Хиджази «Қазіргі заман араб әдебиеті және мысырлық диалект» » атты дәрістер курсы өтеді.
29.04.2014 Шығыстану факультетінде «Ислам сакралды мәтіндерін аудару методологиясы» атты дөңгелек үстел өтті.
29.04.2014 Шығыстану факультетінде «Ғылыми журналдарға арналған араб тіліндегі мәліметтер базасы» (ADAJ) атты халықаралық ғылыми семинар өтті
26.04.2014 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы ұжымының концерті

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Құрылымдық бөлімше, факультет және кафедра басшылары!

30 сәуір күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы ұжымының концерті болады. Университетіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне және қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарлама «Бабалар аманаты» аталады. Өнерпаздар репертуарында бабалардан жеткен толғау жырлар, әсем ән мен күмбірлеген күйлер қамтылған. Әншілер – халықтың бай мұрасын елімізде ғана емес, шет елдерде де насихаттап жүрген танымал өнер қайраткерлері.