Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


25.04.2014 Арабтану және ирантану кафедрасында «5В021000-Шетел филологиясы: араб тілі» мамандығы бойынша студенттер арасында олимпиада өтті
25.04.2014 Қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет республика дәрежесінде мастер-класс өткізді

2014 жылдың 25 сәуірі күні Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ шығыстану факультетінде сағат 12:30-16:05 аралығында қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет «Аудармаға баулудың инновациалық технологиялары мен әдістері» пәні бойынша «Аударма-тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы» тақырыбында республикалық дәрежедегі мастер-класс өткізді.


25.04.2014 Қытайтану кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді

2014 жылдың 25 сәуірінде Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді.


27.03.2014 Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел өткізді

27 -ші наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Шет тілін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер».


26.03.2014 «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар» атты дөңгелек үстел өткізілді

20 наурыз күні сағ. 11.00-13.00-де шығыстану факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінің бірлесіп ұйымдастырғын «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар» атты дөңгелек үстел өткізілді.


17.03.2014 «Жазба дереккөздер мен архив құжаттары: зерттеу әдістері мен каталогтар жасау» атты республикалық ғылыми семинар өткізілді.
13.03.2014 «Қытай мәдениетінің таңғажайып көріністері» зияткерлік сайысы

ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы «Қытай мәдениетінің таңғажайып көріністері» атты тақырыпта зияткерлік сайыс өткізді.


13.03.2014 "Қош келдің әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті.

13 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен №14 жатақханада "Қош келдің әз Наурыз" атты халықаралық мерекелік кеш ұйымдастырылды.


12.03.2014 Университет аралық деңгейдегі мастер –класс

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы 12 наурыз сағ.12.30 –да 503 дәрісханада университет аралық деңгейде мастер –класс өткізді. Мастер-класс тақырыбы «Мәдениетаралық коммуникация теориясы» пәнін оқыту үдерісіндегі құзіретті-бағытталған әдіс. Өткізген – қытайтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Дәулет Ф.Н.


07.03.2014 «Ел ардақтаған асыл ана »

Шығыстану факультетінде Қытай Халық Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, ағартушы-ақын, Қытай әдебиетінің зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Шәмшабану Қамзақызының қатысуымен «Ел ардақтаған асыл ана » атты тақырыпта халықаралық дәрежедегі дөңгелек үстел өтті.