Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
1-ші қарашада сағат 14:20 да 417-ші аудиторияда шығыстанушы жас ғалым Ардақ Нұрғазымен қытайтану кафедрасының студенттерінің кездесуі өтті. Кездесуге кафедра оқытушылары, қытайтану кафедрасының студенттері қатысты.
29.10.2012
«Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция.
«Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
22.10.2012
Қытайтану кафедрасының студенттері мен оқытушылары Қытай фотокөрмесін тамашалады
2012 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық мұражайында Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп «Мәдениеттің қарыштауы – Қытайдың мәдени жаңғыруына ретроспективті көзқарас» атты фотокөрме өткізді.
2012 жылдың 16 қазанында жұмыс нарығында қажетті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды жақсарту мақсатында шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы жұмыс берушілермен бірігіп жоғарғы оқу орындарында маман дайындаудағы компетенттік әдіс мәселесіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
11.10.2012
Қытайтану кафедрасы шығыстанушы ғалым Әлімғазы Дәулетханұлымен кездесу ұйымдастырды
11 қазан күні қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен шығыстану факультетінде шығыстанушы ғалым, тарихшы Әлімғазы Дәулетханұлымен кездесу-семинар өтті.
26.09.2012
Жалпы университеттік "Тілдер фестивалі" аясында қытайтану кафердасының ұйымдастыруымен "Қалам қуатың қалай, жас талап?" атты шығарма байқауы өтті
26 қыркүйек күні сағат 11-00 Шығыстану факультетінің 503 аудиториясында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай жалпы университеттік "Тілдер фестивалі" аясында қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ тілінде шығарма жазу жарысы өтті.
Шығыстану факультеті және қытайтану кафедрасына ресми сапармен Қытайдың Халықаралық алмасу бойынша Білім беру Ассоциациясының өкілдері келіп қайтты.
07.09.2012
Қытайтану кафедрасының студентінің жаңа кітабы жарық көрді
Жаңа оқу жылында қытайтану кафедрасының "шығыстану" мамандығының 2 курс студенті Чурсин Михаилдың жаңа "Абай. Слова назидания" атты кітабы жарық көрді.