Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


06.03.2023 Қол ұстасып жаңа болашақты құрамыз

Қытайтану кафедрасының оқытушылары жұмысберуші серіктес мекеме «Алматы қаласындағы Қытай Сауда-Өнеркәсіп Банкі» АҚ-ның 30 жылдық мерей той салтанатына қатысып қайтты


06.03.2023 Жазушының жаңа кітаптары жарық көрді

Жазушы, зерттеуші Нұрхалық Абдырақынның «Жан тыныштығы» атты әңгімелер жинағы, «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эсселер мен ойтолғам кітабы жарық көрді. 


02.03.2023 «Қазақстан-Жапония» викторина

Қиыр шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттері мен университетіміздің серіктесі, Жапонияның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі Васэда университеті студенттерінің арасында Қазақстан мен Жапония туралы сұрақ-жауап сайысы өтті


02.03.2023 Стамбұлдағы Дәр әл-фунун кітапханасындағы парсы қолжазбалары тақырыбында ғылыми семинар өтті

Вебинардың қонағы тарихшы, қолжазбатанушы Мұхаммед Раззақи соңғы жылдары Стамбұл университетінен қарасты Дәр әл-фунун кітапханасының қолжазбалар мен сирек кітаптар қорында жұмыс істейді


02.03.2023 «Таңбалы тастағы» оқу-танымдық экскурсия

 Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында 17 ақпаннан 24 наурыз аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Жапонияның серіктес университеттерінің студенттеріне арналған «Қысқы мектеп» өткізіліп жатыр


02.03.2023 «Қазақстан және Жапония. Мәдени қарым қатынас» атты халықаралық студенттік форум өтті

Форумның мақсаты жергілікті және шетелдік студенттердің екі халықтың тілдері мен мәдениеттері жөніндегі білімдерін тереңдету және қос ел білім алушыларының арасындағы достастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту


01.03.2023 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Түрксой» кафедрасы – озат оқытушылардың жаңа мүмкіндік платформасы

Селенай Кошумджу заман талабына сай жаңа технологияларды білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында оқу үдерісіне соңғы техникалық жаңалықтарды енгізуге және қолдануға ықылас танытты


28.02.2023 Сукмёң қыздар университетінен келіп, тәжірибесімен бөлісті.

 Кореяның Сукмёң қыздар университетінің магистранты Пак Э Вон ханымның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не келіп, ақпанның 11-і мен 24-і аралығында педагогикалық тағылымдаман өтуде


28.02.2023 Қазақ-қытай достығына арналған мәдени іс-шара өтті

«Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы мен Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен Заманауи қытай жазушысы Ван Мэннің «Әсем көріністі өлке» атты шығармасының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері және Қытайтану кафедрасы оқытушылары еңбектерінің көрмесі өтті.


27.02.2023 Жапонияның көркем жазу өнері

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімі студенттері 23.02.2023 күні жапонның “шёдо", яғни каллиграфия өнерімен танысты