Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
27.09.2022
"ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапарының нәтижесі" атты ғылыми семинар өтті
2022 жылдың 27-қыркүйегі күні кафедраның жоспарына сәйкес Қытайтану кафедрасында «ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапарының нәтижесі» деген тақырыппен осы оқу жылындағы алғашқы ғылыми семинары өтті.
24.09.2022
«Ханинсинмун» газетінде Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасы туралы мақала жарияланды
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қиыр шығыс кафедрасының арнайы шақыртылған профессоры Ли Бёнг Джо "Ханинсинмун" газетінде корей университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасына қатысты мақала жариялады.
23.09.2022
Варшава университетіне іссапар
Варшава университетінің (Варшава, Польша) Шығыстану факультеті және Саяси ғылымдар мен халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 19-22 қыркүйек аралығында дүниежүзінің 20-ға жуық елінің түркітанушы ғалымдары мен зерттеушілерін қосқан «Түркі Әлемі ғылымдары: пәнаралық мүмкіндіктер» тақырыбында VI Халықаралық Түркітану конгресі өткізілді.
18.09.2022
Мицубиши корпорациясы тағы бір студенттің талабын ұштады
Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімі студенттері арасында «Мицубиши Корпорейшн» атынан бөлінген шәкіртақы үміткерлерімен ҚРдағы «Мицубиши Корпорейшн» өкілдігінің басшысы Тацуя Казама мырза сұхбат өткізді.
17.09.2022
Шығыстану факультетінде өткізілген Жазғы мектеп
14.09.2022
Жапон ғалымы қонақ болды
2022 ж.14 қыркүйек күні Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінде белгілі алаштанушы, Хоккайдо университеті Славян-Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Томохико Уяма қонақ болды.
14.09.2022 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Кеңейтілген Ғылыми кеңес мәжілісі өткізілді.
13.09.2022
№107 лицей оқушыларымен кездесу
2022 жылдың 13 қыркүйек күні қытайтану кафедрасының доценті Алиханқызы Гүлия кәсіптік бағдар жұмыс жоспары бойынша Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан №107 лицейдің бітіруші сыныптастарымен кездесу өткізді.
08.09.2022 күні Шығыстану факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тасыбеков Хайдар Сүлейменұлы және факультеттің оқытушы-профессорлық құрамының қатысуымен арнайы жиналыс өткізілді.
08.09.2022
Корей тіліндегі халықаралық эссе байқауының жүлдегері
2022 жылдың 7 қыркүйегінде Астана қаласында корей тілінде халықаралық эссе байқауы өтті.