Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


01.04.2019 Хабарлама

4 сәуірде еліміздің Тұңғыш ұлттық университетінің профессоры Алдабек Н.А. біздің қоғам үшін өте маңызды және қызықты мәселелер бойынша семинар-дәріс өткізеді


29.03.2019 Республикалық олимпиада өтті

2019 жылдың 28-29 наурыз аралығында қытайтану кафедрасы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өткізді. 



29.03.2019 «Шығыстану» бойынша олимпиада өтті

Шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Биылғы жылы олимпиаданың өтуіне Цукуба университеті (Жапония), Цукуба университетінің профессоры Ниномия Такаши мырза зор демеушілік көрсетті. Сонымен қатар, «Ичикава» мектебінің директоры Наоюки Канки мырза арнайы қонақ болып қолдау танытты. Бұл жолғы Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімі секциясына ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дан он сегіз студент қатысты.


29.03.2019 ЖАПОНИЯ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КИОТО УНИВЕРСИТЕТІ ТҮЛЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ ДӘРІСІ

Қиыр Шығыс кафедрасы биылғы көктемде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусында жапонияның 47 студентін қарсы алды. Олардың арасында Токио университетінің, Цукуба университетінің, Токио шет тілдер университетінің, Коучи университетінің жоғары курс студенттері болды.

Киото университетінің түлегі, Қиыр шығыс кафедрасыеың доценті, PhD Ахапов Ерлан Жапониядан келген қонақтар арасында жүргізілген сауалнама бойынша Қазақстан территориясында далалық зерттеулер жүргізуді де қарастыратын, «Аймақтану. Орталық Азия саясаты, экономикасы және мәдениеті» курсының дәріскері ретінде ең мықты, ең жарқын әсер қалдырыпты.


27.03.2019 «Like Almaty» туристік компаниясының ұйымдастыруымен кездесу өтті

     «Like Almaty» жобасының аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы,арабтану бөлімінің 1,2 – курс студенттері 1,2 – курс магистранттары қатысқан кездесу өтті.

     2019 жыл наурыз айының 13-жұлдызында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Like Almaty» жобасының аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы,арабтану бөлімінің 1,2 – курс студенттері 1, 2 – курс магистранттары қатысқан кездесу өтті.        


27.03.2019 Chiyoda Technol Corporation ЖАПОН КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Жапонияның Экономика, сауда және өндіріс министрлігі (METI) ұйымдастырған «FY 2018 METI Japan Internship Program, Technical Cooperation & Emerging Market Development Program» бағдарламасы аясында Токиодағы Chiyoda Technol Corporation (株式会社千代田テクノル) компаниясында тағылымдамадан өтті. Аталған сауда-саттық компаниясы өз қызметін атом энергетикасы бойынша жүргізіп, осы салада қолданылатын арнайы құрал-жабдықтарды шығарумен айналысады. Компания негізінен өнімге тапсырыс беруші клиент пен өнімді шығарушы компания арасындағы бизнес-делдал ролін атқарады.


26.03.2019 КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН БІРГЕ

Қиыр Шығыс кафедрасы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Корея Республикасының Бас консулы Kim Heung-soo мырзаны құрметпен қарсы алды.

Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы өткізген биылғы Елші сағаты жылы ниетте өтті. Корейлердің ұлттық киімдерін киген бірінші курс суденттері құрметті қонақты корейше иіліп сәлем беріп, корей дәстүріне сай қарсы алды. Мәртебелі қонақтарға корей тілін жақсы меңгергендерін көрсетіп, Қиыр Шығыс кафедрасының оқу аудиторияларын аралап көрсетіп, таныстырды.


22.03.2019 Қытайтану кафедрасы Ресей Федерациясымен ынтымақтастық орнатқан

Қытайтану кафедрасының доценті м.а. Ph.D., Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы 10 наурыз бен 22 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Мордовия Республикасының «Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінде қытай тілі тұралы лекция оқып қайтты. 


20.03.2019 КОРЕЙТАНУШЫЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

2019 жылы Қиыр Шығыс кафедрасы корей тілін білу бойынша эссе байқауын өткізді. Конкурсты қаржыландыруды Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы жүзеге асырды. Байқауға алғаш рет корейтану бөлімінің барлық студенттері қатысты. Бас жүлдені жеңіп алу үшін жоғары және төменгі курс студенттері тең дәрежеде күресті. Корейтану бөлімі студенттерінің жалпы контингенті 100-ден астам адамды құрайды, тағы 30-ға жуық студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Оңтүстік Корея университеттерінде тағылымдамадан өтуде. Қазақ ұлттық университеті Корея Республикасының Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 40-тан астам келісімшарттарға қол қойған. Алайда, қазіргі таңда 30-ға жуық университет ынтымақтастықтың анағұрлым белсенді тараптары болып табылады.


19.03.2019 КОРЕЙ ТАҒАМДАРЫН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК? ШЕТЕЛ ОҚЫТУШЫЛАРЫНАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АТТЫ МАСТЕР КЛАСС ӨТКІЗДІ

Қиыр Шығыс кафедрасы студенттерінің құрамында негізінен қыздар саны көбірек. Сондықтан, Оңтүстік Кореядан келген оқытушылардың арасындағы жас мамандардың жыл сайын корей тағамдарын дайындаудан мастер-класс өткізуі кездейсоқтық емес. Корейтану бөлімі өткізген шеберлік сағатында шетелдік оқытушылардың шебер қолдары мен жаңа нәрсені үйренуге әзір тұратын студенттер дайындаған корей тағамдары дастарханда лезде пайда болды.