Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
08.11.2018
Ақтау қаласында жапон тілі оқытушылары
Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының жапон тілі оқытушысы Боранкулова Самал мен Цукуба Университетінен шақырылған профессор Ниномия Такаши Жапонияның халықаралық байланыстарды дамыту қорының «Sakura Network» жобасының аясында Ақтау қаласының мектептерінде кәсіби-бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
04.11.2018
КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ МӘДЕНИЕТ КҮНІ
Жақында Алматы қаласында Орталық мемлекеттік музейінде жыл сайын өтетін Жапон мемлекетінің мәдениет күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі және Қазақ-Жапон Адам Ресурстарын Дамыту Орталығы, «Нархоз» университеті, Қазақстандағы жапон бизнесмендер қауымдастығы, Теракойя ұйымы және Қазақ-Жапон Жібек Жолы ассоциациясымен бірлесіп дәстүрлі Жапон мәдениет күнін өткізді.
30.10.2018
Мұрат Ауэзовпен кездесу
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі қытайтанушы, Қазақстанның Қытайдағы алғашқы елшісі, қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Ауэзовпен кездесу өтті.
29.10.2018
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті үндітану бөлімі студенттерінің алғашқы Пәкістандық қысқы көрмесіне қатысуы
2018 жылдың 27 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті үндітану бөлімінің студенттері Қазақстандағы Пәкістан бизнес форумы ұйымдастырған алғашқы Пәкістандық қысқы көрмеге қатысты. Бұл көрмеде Алматы қаласындағы “Пәкістан Ұлттық Банкі” АҚ өкілдері, банк төрағасы Рафик Мухаммад, орынбасарлары Хуссейн Ариф, Артыкбеков Талгат Калмухаметович, Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасы Елшілігінің өкілі Басит Салим Шах қонақ ретінде келіп, көрменің ашылу салтанатының тұсауын кесті.
29.10.2018
Түркия Республикасының Бас Консулымен кездесу
Шығыстану факультетінде 2018 жылдың 24 қазан күні 16.00-де Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаздың «Түркияның кәсіпкерлік және гуманитарлық сыртқы саясаты» тақырыбындағы консулдық сағаты өтті. Кездесуге 60 астам студент пен кафедраның ОПҚ-сы қатысты. Консулдық сағат Халықаралық қатынастар факультетінің 3 (үшінші) дәрісханасында жүзеге асты. Консул өз баяндамасында соңғы жылдары Таяу Шығыстағы халықтар мен Орталық Азия мемлекеттеріне Түркияның гуманитарлық саладағы қызметі мен инвестициялары жайлы толық қанды ақпарат беріп өтті.
Түрксой кафедрасының аға оқытушысы М.Эгамбердиев
29.10.2018
Латын әліпбиін қолданудың заманауи мүмкіндіктері
25.10.2018 күні Түрксой кафедрасында латын графикасын таңбалауды жеңілдетуге арналған жаңа бағдарламаның таныстырылымы болды. Жиынды елімізге танымал академик, математик ғалым Мұхтарбай Өтелбаев ашып берді. Кафедра меңгерушісі, доцент Төрәлі Қыдыр мырза модератор рөлін атқарды. Қаладағы бірнеше ЖОО келген тілші ғалымдар мен ІТ мамандары өз пікірлерін ортаға салды. Жасалған жаңа бағдарлама қазақ тілін жетік білмейтін немесе енді үйреніп жүрген жандарға арналған.
28.10.2018
Біздің профессорлар Джавахарал Нерху Университетінде
"One Asia" Қоры "Азия қоғамдастығы" бағдарламасына қатысатын университеттер мен ғалымдарға қаржылай қолдау көрсетеді, оның мақсаты Азия елдері арасында гүлдену, тұрақтылық пен қатар өмір сүру. Қазіргі уақытта бұл жобаға әлемнің 300-ден астам университеттері қатысуда, оның ішіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және JNU кіреді.
26.10.2018
Түркі халықтарының дәстүрлі ән кеші
2018 жылдың 20-шы қазан айында III. Халықаралық Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінің аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде Түркі халықтарының дәстүрлі ән кеші Түрксой кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен өткізілді.
25.10.2018
«Бестілдік – ұлттық қауіпсіздік кепілдігі» атты дөңгелек үстел
Бестілдік – ұлттық қауіпсіздік кепілдігі
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында. Елбасымыз Н.А.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүгінгі таңда мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтардың маңызды халықаралық орталығы болып табылады» деп атап өткен болатын.
24.10.2018
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында әдістемелік семинар өтті
23-қазанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының иран бөлімінде әдістемелік семинар өтті. Бұл әдістемелік семинар университетке осы оқу жылында жұмысқа қабылданған оқытушылар үшін арнайы өткізілді.